Өте маңызды шешім

409
0
Бөлісу:

Қазақстан мен Ресей сенаторлары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жуық арада ратификациялау мәселесін талқылады. Ақтау қаласында Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федералдық жиналысының Федерация кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 13-отырысы болды. Оған Иран делегациясы да қатысты. 

Іс-шараны ашқан Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов Каспий жаға­ла­уын­дағы мемлекеттердің басшы­лары Каспий теңізінің құқық­тық мәртебесі туралы кон­венцияға қол қойған Ақтау саммитінің қорытындыларын ресми Астананың жоғары бағалай­тынын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өт­кен­дей, бұл конвенция – «Кас­­­пий теңізінің консти­ту­циясы». Өйткені онда теңіздің суын, түбін, қойнауын, табиғи ресурс­тары мен әуе кеңістігін қоса алғанда, осы су айдынына қатыс­ты тараптардың барлық құ­­қық­­тары мен міндеттемелері ай­қын­далған және реттелген.
Бұл құжат елдің теңіздегі егемендік құқықтары мен заңдық құзыреттерін меже­леу­ге, сондай-ақ қойнауын пайда­­лану, транзит пен тасы­мал­дау құқықтарын жүзеге асыруға, суасты құбырлары мен кабель-желілерді төсеуге, табиғи орта мен биологиялық ресурстарды қорғауға байланыс­ты мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Сенат төрағасының орын­басары осынау тарихи құжатқа қол қою бойынша ымыраға келудегі Ресей мен Иранның үле­сін жоғары бағалады:
«Бұл – бәріміз үшін зор жетістік. Бүгінгі отырыс – біздің елдеріміз басшыларының тілегін өмірге енгізу», – деді С.Громов.
Ол конвенцияға қол қойылуы осынау бірегей су қой­масына екіжақты деңгейде де, көпжақты форматта да бей­бітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәр­те­бе­сін бекітуге жол ашаты­нын айтты.
«Енді ұзаққа созбай, біздің парламенттеріміздің кон­вен­ция­ны ратификация­ла­ғаны маңызды болып отыр. Хабарлай кетейін, биылғы 6 қарашада оны ратификациялау жөніндегі құжаттар топтамасы Қазақстан Үкіметінің отырысында қарал­ды. Конвенцияны ратифи­ка­циялау туралы заң жобасын Үкі­мет таяуда Парламент Мәжі­лі­сіне енгізеді деп күтілуде» деді С.Громов.
Отырыста сөз алған Ресей Федералдық жиналысының Федерация кеңесінің Аграрлық-азық-түлік саясаты және таби­ғатты пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Сер­гей Белоусов пен Иранның Ислам Консультативтік кеңе­сі төрағасының бірінші орын­ба­сары Масуд Пезешкиан кон­вен­цияны уақытында рати­фи­­кациялаудың маңызына тоқ­тал­ды.
Жиын барысында бұдан бөлек, екі елдің сенаторлары Маңғыстау облысы мен Ресейдің Дағыстан Республикасының әріптестігін үлгіге ала отырып, бірыңғай экономикалық кеңіс­тік аясында шекаралық бай­ланыстарды дамыту, сон­дай-ақ Каспийдегі туризм, экология және биоресурстарды қорғау салаларындағы ынты­мақ­тас­­тықты өркендету жайын талқы­лады.
С.Громов пен Иранның Ислам Консультативтік ке­ңе­сі төрағасының бірін­ші орын­басары Масуд Пезе­ш­­­киан­­ның кездесуінде пар­ла­мен­­таралық ынтымақ­тас­тық және екіжақты қатынастарды, соның ішінде парламентаралық үнқатысуларды одан ары нығай­ту мәселелері талқыланды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*