ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

512
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуге Қазақстан Премьер-министрі Б.Сағынтаев, Әзербайжан Премьер-министрі Н.Мамедов, Беларусь Премьер-министрі С.Румас, Қырғыз Премьер-министрі М.Абылғазиев, Тәжікстан Премьер-министрі К.Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі А.Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Армения бірінші вице-премьері А.Мирзоян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Г.Мурадов, ТМД-ның Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев қатысты.

Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше ел­дер делегацияларының басшыларына іл­ти­пат білдіріп, Достастық мемлекеттерінің ын­тымақтастығын нығайту үшін бүгін өтіп жат­қан Кеңестің айрықша мәні бар екенін атап өтті.
– Бүгін сіздер Үкімет басшылары кеңе­сі­нің кезекті отырысына қатысасыздар. Оның күн тәртібінде 15 нақты мәселе бар. Бұл іс-шара елдеріміз арасындағы өзара тиім­ді қарым-қатынастарды одан әрі да­мы­туға зор үлес қосады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ТМД елдері ара­сын­дағы сауда-экономикалық бай­ла­ныс­тар­ды дамытудың маңыздылығын айтты.
– Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ТМД іргелі ұйымға айналды. Бұл бірлестік ха­лықтарымыз арасындағы тарихи бай­ла­ныс­тарды сақтап қалуға мүмкіндік беріп, әр елдің егемендігін нығайтуға септігін ти­­гізді. Қазіргі кезде Достастық аясындағы өза­ра ықпалдастықтың маңыздылығы арта түс­ті. ТМД-дағы сауда-саттық көлемі өсіп ке­леді. Былтыр тауар айналымының кө­ле­мі 25 пайызға артып, 164 миллиард дол­лар­ға жетті. Мұндай үрдіс биыл да жалғасын табу­да, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ТМД мем­ле­кет­тер басшылары кеңесінің биылғы оты­ры­сы­ның нәтижелеріне де тоқталды.
– Біз ұйымымызды нығайту мәсе­ле­ле­рін қарастырдық. Соның ішінде жұмыстың тиім­ділігін арттыруға және оны заман та­ла­­бына сай бейімдеуге бағытталған жаң­ғыр­ту үдерісін ілгерілетуге мән бердік. Дос­тастық аясындағы экономикалық коопе­рацияны кеңейту үшін Экономикалық даму стратегиясын жандандыру және ТМД ел­де­рі көрсететін қызметтердің еркін саудасы ту­ралы келісімнің қабылданған жобаларын жү­зеге асыруды жеделдету қажеттігі ай­тыл­ды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ду­шанбедегі Мемлекеттер басшылары кеңе­сінің отырысында жария етілген жаңа ұсы­ныстар, соның ішінде ТМД ая­сында сау­да кедергілерін жою, көлік-ло­гистика жә­не туризм салаларындағы өза­ра іс-қи­мыл­дың тиімділігін арттыру, ға­рыш сала­сын­дағы жобаларды жүзеге асыру, цифрлық экономиканы дамыту жә­не инновациялық шешімдерді пай­да­лану мәселелерін талқы­лау нәтижесі жө­нін­де әңгімеледі.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында Мем­лекеттер басшыларының кеңесінде ай­тылған бастамаларды іске асыру үшін нақ­ты шаралар кешенін әзірлеу қажеттігін айт­ты. Сонымен қатар кездесу барысында Қа­зақстан Премьер-министрі Б.Сағынтаев пен Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев баян­дама жасады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*