«Тіл – қазына» латын әліпбиін насихаттайды

870
0
Бөлісу:

Қазақтілді газеттердің қатары тағы бір басылыммен толықты. Астанада жаңа латын графикасындағы тұңғыш газет таныстырылды. Ұлттық академиялық кітапханада «Тіл – қазына» республикалық газетінің тұсаукесері өтті. Газетті Мәдениет және спорт министрлігі мен Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп шығарған.

Газетте латын әліпбиіне қатысты ақпараттар, танымдық материалдар жарық көреді. Айына екі рет шығады. «Араға 90 жыл салып, Қазақстан латын графикасындағы басылым шығаруды қолға алды. Бұл баршамыз үшін жақсы үрдіс деп есептейміз. Оның қоғам кеңістігінде де алатын орны зор болмақ. Бұл газет жаңалықтың жаршысы ғана емес, латын қарпінде оқып білуге, сауатты жазуға бейімделуге, үйренуге және рухани демалуға мүмкіндік береді» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Тіл – қазына» газетінің «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап», «Таным» айдарында  жаңа әліпби туралы құнды дүниелер жарық көреді. Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасын оқуға да мүмкіндік бар.

«Айқын» ақпарат

Сурет kazinform сайтынан алынды

Бөлісу:

Пікір жазу


*