Қордай асуын айналып өтетін жол ашылды

1705
0
Бөлісу:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Жамбыл облысына тиесілі бөлігінің құрылысы аяқталды. Енді Шымкент пен Тараздан шыққан көлік Қордай елді-мекеніне бұрылмай, Қордай асуын айналып Алматыға, одан әрі Қытайға тікесінен тартатын болды. Жол құрылысын BI Group – «Қазақавтожол» холдингі күн райының өзгеруіне қарамастан уақытысында аяқтады.

«Алматы-Қордай-Благовещенка-Мерке-Ташкент-Термез» трассасына жататын 40 шақырымға жуық бөлігін автобус пен жүк көліктерінің жүргізушілері ұзақ уақыт күтті.

– Біріншіден, жол қысқарды. Тиісінше уақыт та 1 сағат үнемделетін болады. Екіншіден, әр бағытта екі жолақты жол төселген. Қарама-қарсы бағыттағы жолдардың арасы қауіпсіздік үшін бөлінген. Үшінші, ең маңыздысы – жолдың сапасы жоғары, – дейді Жетісай-Алматы бағытында қызмет көрсететін автобус жүргізушісі Мәди Ерімбет.

Аталған бөлікте жеңіл көліктер сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Жол бойында әжетхана, көлік жөндеуге арналған тұрақтар, әр елді-мекеннің тұсында аялдамалар тұрғызылған.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*