Адам терісінен жасалған кітап зертханаға жіберілді

1364
0
Бөлісу:

Өздеріңізге белгілі, қаңтар айында осыдан 5 ғасырға жуық уақыт бұрын жарық көрген көне кітап Ұлттық академиялық кітапханасында көрмеге қойылған болатын. Ғалымдар антроподермиялық ескі қолжазбаны 1532 жылы жазылған деген пікірге келген. Латын тілінде жазылған кітапты түптеу үшін адам терісі пайдаланылған.

Адам теріснен жасалған кітап тек қана отандық бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, әлемдік БАҚ алпауыттарының да қызығушылығын тудырып, кітапханамыздың мамандарынан арнайы сұхбат та алып жатты.

Енді бүгін кітапханамыздың басшысы Үмітхан Дәуренбекқызының басшылығымен ескі кітап «Ұлттық ғылыми медициналық орталығының» электронды микроскопия зертханасына жіберілді. Табиғи тері материалының түпнұсқалығын анықтау үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор Федотских Галина Василиқызы қолжазба мұқабасынан, электронды микроскопиялық зерттеуге арналған материалдың қиындысын алып қалды. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы талай ғылыми жаңалықтың бастауы болатыны анық.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*