Қазақ радиосы дикторларды іздейді (Кастинг)

2177
0
Бөлісу:

Қазақ радиосының «Алтын дауысы» – Әнуарбек Байжанбаев, «Сандуғашы» – Сауық Жақанова сынды тұлғалардың ізін жалғайтын, «Qazaq radiosy», «Shalgar», «Astana», «Classic» радиоларының жаршысы атанар, талапты да талантты жасты анықтау мақсатында «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі дикторлыққа кастинг жариялайды!

Астана қаласының қатысушылары үшін кастинг 23 қараша күні сағат 15:00-де Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан Қазмедиа орталығында өтеді. Қатысушылар 20 қарашаға дейін kazdictor@gmail.com электронды поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі міндетті!

Ал, еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез келген ақынның бір өлеңін 3 минутқа сыйдырып және ақпараттық мәтінді 1 минутта оқып mp3 форматта, өңдеусіз kazdictor@gmail.com поштасына жіберуі керек.

Кастингке түскен материалдарды іріктеу уақыты қарашаның 1-і мен 20-сы аралығы, 23 қарашада қорытындыланады. Сондай-ақ, қатысушылар төлқұжатының суретін де (екі жағы) жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға жіберуі керек. Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*