Қазақфильмді кім өртеді?

811
0
Бөлісу:

Сейсенбінің кешінде «Қазақфильм» киностудиясының аумағында орналасқан «Вавилон» декорациясы аумағы өртке оранды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі киностудияның ресми парақшасында айтылды.

«Өрт дер кезінде өшірілді. Өртенген аумақ 60 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Куәгерлер өртті екі жасөспірім ұйымдастырғанын айтуда. Олардың осы аумақтан белгісіз бағытқа қашып бара жатқанын байқапты» – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында «Вавилон» кешенінде «Томирис» фильмінің түсірілімі аяқталған болатын.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*