Сараланды шаралар

636
0
Бөлісу:

Астанада Парламент Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина мен Мұхтар Ерман Жолдауды түсіндіру мақсатында жастармен жүздесті. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­пасын арттыру» Жолдауын жастар арасын­да насихаттаудағы мақсат – Жастар жы­лын­да атқарылуы тиіс шараларды саралау.

 

Депутаттар Елбасы Жолдауында жас­тарға ерекше көңіл бөлінгенін айрықша атап өтті. «Еліміздің болашағы – жастар» дегенді жиі айтамыз. Қазір шетелде оқимын десе де, мүмкіндік көп. Шетелде оқып келгендер қоғамның, экономиканың дамуына ерекше үлес қосып жатыр. Жастар жылында оларға ең қажетті, ең маңызды мәселелер шешімін табады. Әсіресе, жастардың әлеуметтік жағдайын жақ­сартуға баса мән беріледі. Қазіргі кезде жастарға арналған әлеуметтік бағдар­ламалар бар. Ол жайында ақпарат алу да қолжетімді. Қазіргі заманда жастар смарт­фон арқылы да өзіне қажетті ақпарат­тардың барлығын алуға мүмкіндік көп. Мәселен, жаңадан шыққан заңдар, ережелер, оларға жасалатын жеңілдіктер бәрін сайттар арқылы білуіне болады. Сондай-ақ жастар өздерін мазалайтын мәселелер туралы да ой-пікірін де айтып, талқылай алады. Егер жастар қоғамда белсенді болса, мәселенің шешімі табылады. Өз құқығын қорғай алады» деді Майра Айсина. Кездесуде Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман құқығын қорғау үшін өздеріне қатысты ақпараттар, жаңалықтармен дер уақытында хабардар болуы керек дегенді айтты. «Ертеңгі күннің кірпіші бүгін қаланады. Болашақ жас­тардың қолында. Оларға ұдайы қолдау көрсету – біздің міндет. Жолдау олардың келешекте жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашып отыр. Жастар жылында оларды толғандырып жүрген мәселелер шешімін табады. Талапты жастың ал­майтын асуы жоқ. Бүгінгі кезеңде олардың идеяларын жүзеге асыруға барлық мүм­кіндік бар. Сондықтан Елбасының «Жастар мен отбасы институтын кешенді қол­дау мемлекеттік саясаттың басым­ды­ғына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды плат­формасын қалыптастыру керек» деген тапсырмасы орындалады» деді Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар кездесуде жастар көкейкесті мәселелер бойынша сауал­дарына жауап алды.

Майра ЖАНЫСБАЙ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*