Қазақ жауынгерлері Ливанға аттанады

1126
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жауынгерлерді Ливанға жіберу туралы шешімді мақұлдады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Айта кетейік, тамыз айында екі ел өкілдерінің келіссөз нәтижелері шеңберінде қазақстан тарапы 120 жауынгерін Ливандағы Үндістан батальонының құрамына жіберуге уағдаласты.

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*