АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

511
0
Бөлісу:

Алматыдағы Достық үйінде Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда бір топ депутат тиісті сала басшыларымен бірге Елбасы Жолдауында ай­тылған мәселелерді қозғап, наси­хаттады.

Көшпелі отырысқа Мәжі­ліс депутаттарынан бөлек, Бас прокуратура, Ішкі істер ми­нистрлігі, Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Мемлекеттік кірістер комитетінен келген өкілдер, со­ны­мен қатар «Нұр Отан» пар­тиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен Алматы қа­ла­­сы Қоғамдық кеңесінің өкіл­дері де келіп қатысты. Оты­рыс­та негізінен мемлекет заңда­рының практикалық тұрғыда қол­данылуы, экономика саласында қылмыстық заңнаманы ізгілен­діру мәселесі кеңінен қаралды.
– Бүгінгі отырыста әлеуметтік және экономика салаларының тиім­ді дамуы, заңды дұрыс пай­да­ла­ну, заңбұзушылыққа жол бер­меу сияқты мәселелер қарас­тырылды. Биыл алтыншы ша­қы­рыл­ған Парламенттің төр­тінші сессиясының ашы­луын­да Президент заң үс­тем­дігін қам­тамасыз ету мақ­са­тында
құқық­қорғау орган­да­рының халықпен өзара іс-әрекет жа­сауына қа­тыс­ты, эконо­микалық қызмет сала­сындағы заң­наманы ізгілен­діруге байла­нысты нақты тапсырмалар бер­ген болатын. Содан бері де­путаттар өңірлердегі поли­ция бөлімшелеріне барды, прокурор, судьялармен кез­дестік. Олардың пікірлерін де естідік. Енді тиімді ұсыныстар жолдап, мә­селелерді шешуге атсалыса­мыз, – дейді Мә­жі­лістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*