Күйіков «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды

1093
0
Бөлісу:

Аустрияның Зальцбург университетінде «Ядросыз болашақ» сыйлығының (Nuclear-Free Future Award – NFFA) марапаттау рәсімі аясында қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, «АТОМ Жобасының» Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков марапатталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін антиядролық қызметтерінің жоғары баға алуымен құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталуы ядролық қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстан рөлі және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамаларының мойындалуын білдіреді деп атап өтті. Елші барлық қатысушыларды әлемнің ядролық жарылыстардан құтылу үшін күш салуға бағытталған «АТОМ Жобасы» онлайн-петициясына өздерінің қолын қоюға шақырды.

Қазақстандық өкілмен қатар, Аустралия, Ұлыбритания, Франция және Аустрияның өкілдері де сыйлықтын иегерлері атанды.

Кәріпбек Күйіков – 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бастамашылық жасаған «АТОМ Жобасының» Құрметті елшісі.

 

Жобаның миссиясы – ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу және барлық елдердің ядролық қаруды толық жоюға жаһандық қоғамдық қолдауды біріктіру.

«Ядросыз болашақ» сыйлығы 1998 жылы Франц Молл қорымен құрылды және антиядролық белсенділердің, ұйымдардың және қауымдастықтардың қызметін ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылы сыйлықтың 20 жылдығы атап өтілуде.

Бұған дейін әлемнің 80-нен астам өкілдері мен ұйымдары аталған сыйлыққа ие болған, соның ішінде Қазақстаннан Юрий Куйдин де бар. Өзі фотожурналист, «Невада-Семей» ядролыққа қарсы қозғалысының серіктесі, Дүниежүзілік атом фотографтары гильдиясының мүшесі, ядролық тақырып бойынша көптеген фотоальбомдардың авторы болды.

 

Асқар Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*