Ғажап: «Астананың» арқасында Қазақстан УЕФА рейтингінде ТОП 25 қатарына кірді

1090
0
Бөлісу:

«Астана» сырт алаңда чехиялық «Яблонецпен» тең ойнағаннан кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде 26 орыннан 25 орынға жоғарылады. Қазақстан осы уақытқа дейін 18,750 коэффициент жинаған.

1. Испания – 91,283 (7.285)
2. Англия – 69,034 (6,214)
3. Италия – 68,725 (6,642)
4. Германия – 64,070 (7,357)
5. Франция – 52,665 (4,750)
6. Россия – 47,549 (4,583)
7. Португалия – 42,032 (4,700)
8. Бельгия – 36,700 (4,600)
9. Украина – 36,700 (3,400)
10. Турция – 32,600 (3,500)
……….

1. Казахстан – 18,750 (3,750)

«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий Бабаянның айтуынша, ойын өте ауыр болған.

«Яблонец» – мықты әрі тәртіпке бағынған команда. Біз бастапқыда қапталдағы ойында ағаттық жіберіп, қарсыластар гол соғып кетті. Бірақ біз әрі қарай есепті теңестіріп, ойдағыдай ойын жасадық. Әрине, біздің жарақаттанған ойыншыларымыздың орыны білінеді. Дегенмен құрамдағы әрбір ойыншы кез келген уақытта алаңға шығып, максимум жағдайда ойнауға дайын. Біз де тағы да гол соғып жеңіске жететін мүмкіндік болды. Алайда жүзеге асыра алмадық. Дегенмен тең нәтижеге көңіліміз толады» дейді ол.

«Астананың» биылғы еурокубоктық ойындарда сәтті өнер көрсетуі командаға ақшалай табыс та әкеліп жатыр. Алғашқы раунд үшін «Астанаға» 280 мың еуро төленсе, екінші раундта – 380, төртінші раундта 480 мың еуро алған. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмаса да қосымша 260 мың еуро төленеді. Сонда жалпы сомасы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі ойындары үшін 1,4 миллион еуроға иелік етті.

Ал Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін – 2,62 миллион еуроны еншісіне жазды. Ал топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін командаға – 570 мың еуро, тең нәтижеге 190 мың еуро берілуі тиіс. Осы мөлшермен алғанда «Астана» қазіргі уақытқа дейін 4 миллион 970 мың еуро қаржыны қалтаға басқан. Бұл әлі соңы емес. Кез келген команда қатысушы ретінде рейтинг нәтижесіне орай тағы да сыйақыға ие болады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*