Құқық қорғау жүйесі жаңғырады

537
0
Бөлісу:

Астанада Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция алаңында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Формен кездесу өткізді. Оның барысында балалардың құқықтарын қорғау саласында ынтымақтасу мәселелері қозғалды.

Атап айтқанда, осы бағыттағы негіз құрау­шы ха­лықаралық келісімдерді, ор­нықты даму мақсат­тарын және әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту бойын­ша гендерлік теңдіктің күн тәртібін жүзе­ге асыру, сондай-ақ ел Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламаларын орындау мәселелері талқыланды.
Бақытжан Сағынтаев ЮНИСЕФ-ке бала­лар­дың құқықтарын қорғау мәселе­ле­рін­де қолдау көр­сеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Үкі­метінің халықаралық және өңірлік бастамаларды қа­лыптастыруға өз үлесін қосуға әзір екенін жет­кізді.
Бұдан өзге, өзара іс-қимылды жалғасты-­ ру келе­ше­гіне назар аударылды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев келесі жылды Жас­тар жылы деп жа­рия­лады. Осыған байла­­нысты Үкімет алдында тұр­ған міндет­тер­дің бірі ретінде «халықаралық ұйым­дар, аза­мат­тық сектор, зерттеуші және акаде­миялық топтар, балалар құқықтарын қорғау­мен айна­­лысатын ұйымдар арасын­дағы мем­ле­кет­­тің серіктестеріне қолдау көрсету» атал­ды.
Айта кету керек, 2016 жылғы қазанда Қазақ­стан Үкі­меті мен БҰҰ Балалар қоры­ның 2016-2020 жыл­дарға арналған опера­ция­ларының негізгі жос­парына қол қойыл­ды. Биыл ЮНИСЕФ ел Үкіме­тімен бірле­сіп, ювеналды заңды дамытуға, бала­ларға мейірімді әділ сот жүйесін қалыптастыруға, балаларға арналған заңмен байланысты әлеуметтік қызметтер жүйесін енгізуге, балалардың мәрте­бе­леріне қарамас­тан, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жо­ба­лар­ды елімізде іске асыру арқылы белсенді ын­тымақтастықты жалғастырды.
Сонымен қатар бұл жобалар барлық деңгейде ба­ла­лардың әл-ауқатына мони­то­ринг жүйесін ен­гізуге, балаларды қоса алған­да әлеуметтік жағынан әлсіз топтар­мен әлеу­меттік жұмысты кеңейтуге жә­не терең­детуге бағытталған. Бұған қоса, Қазақ­стан­­да жасөспірімдердің психикалық ден­сау­­лы­ғын жақсарту және өз-өзіне қол жұм­сау­­­дың алдын алуға көмек көрсету жүйе­сі енді­­­ріл­мек. Бұдан бөлек, Қа­зақ­стан­дағы бала­лар­дың жаңа немесе назардан тыс қал­­ған мәселелерін анықтау үшін зерттеулер мен жағдайлық талдау жүргізілетін болады.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Бақытжан Са­ғын­таев елордада Бас прокуратураның қызметін цифрландыру бары­сымен, соның ішінде жобаларды іске асыру­дың негізгі бағыттары­мен және алғашқы нәтиже­лері­мен танысты. Бас прокурор Қайрат Қожам­жа­ров қадаға­лау­шы органның қылмыстық және әкімші­лік сот ісін жүргізуді біртіндеп электронды формат­қа көшіріп, мемлекеттік органдар­дың тек­се­рістерін тіркеу және азаматтардың өтініш­те­рін қарау про­цес­те­рін автомат­тан­ды­рып жатқанын айтты.
Оның мәліметінше, жобалардың негізгі мақ­саты – азаматтардың құқықтарын қор­ғау кезінде, сот төрелігіне және процес­тер­дің ай­қындығына жыл­дам қол жеткізуді қам­та­ма­сыз етуде барынша тиім­ділікке қол жет­кізу болып отыр. Цифрлан­дырудың негізгі бағыттары арасында элек­трон­ды қыл­­мыстық іс, электронды өтінім, әкім­ші­лік іс жүр­гізудің бірыңғай тізілімі, тір­кеу объек­тілері су­бъектілерінің бірыңғай ті­зі­лі­мі және талдау орта­лығы жобалары бар.
Биыл жеңіл қылмыстар бойынша «Е-қылмыс­тық іс» жобасының бірінші кезеңі іске асырылуда. Жалпы алғанда, жобаны электронды форматта іске асыра бастаған уақыттан бері 12 мыңнан астам қылмыстық құқықбұзушылыққа тергеу жүргізілді, оның ішінде 4 мыңға жуығы сотқа жіберілді. Сон­дай-ақ мемлекеттік органдарда әкімшілік іс жүр­гізу автомат­танды­­рылуда. 1,5 мыңға жуық по­лиция қыз­меткері планшеттермен және прин­тер­лер­мен қамтылды. 330 мың электронды хат­тама жасалды.
Бизнесті тексеруді автоматтандыру жобасында да оң әсер байқалуда. Жоба модульдерінің бірі 2018 жыл­дың 1 шілдесінде іске қосылған. Сол кезден бері электронды форматта шамамен 50 мың тек­серіс тіркел­ген. Оның 27 мыңы – кәсіпкерлерге қатыс­ты. Барлық үдеріс автоматтандырылған және ешбір мемлекеттік орган жүйеден тыс тексеру жүргізе ал­майды екен. Бас прокура­тура аза­мат­тар мен заңды тұлғалардың өтініштерін беру және кеңейту про­цестерін автомат­тан­ды­руға бағытталған «Элект­рон­ды өтінім­дер» жобасын енгізіп жатыр.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*