ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

455
0
Бөлісу:

Мәжілісте Палата төрағасының орынбасары Г.Исимбаева мен Бүкілқытайлық Халықтық саяси-консультативтік кеңесі комитеті төрағасының орынбасары, ҚХР этникалық істер бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Батэр кездесті. 

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық және парламентаралық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Г.Исимбаева Қытай Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық салада ірі әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Осы ретте Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамалары аясында бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, ол екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа ғана емес, жалпы жаһандық экономиканың жандануына және дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға оң серпін беретініне тоқталды.
Сондай-ақ жүздесу барысында барлық сала бойынша әрәптестікті дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман және Қанат Мусин қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*