СУБСИДИЯ БЕРІЛЕДІ

520
0
Бөлісу:

Астана қаласының әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа бастаманы қолға алды. Енді мүгедек жандарға қызмет орнын ұсынған кәсіпкерлерге субсидия беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.  

Аталған жоба Қазақстан Респуб­ли­­касының «Мүгедектерді әлеумет­тік қорғау туралы» заңының 6-бабы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5-1-бабын бас­шы­­лыққа алған. Заңға сәйкес мүм­кін­­дігі шектеулі жандарға арнап жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге 280 мың теңге көлемінде субсидия белгі­леніп отыр. Тірек-қимыл аппа­­раты зақымданған, оның ішін­де кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарының басшылығы бұл қаржыға биіктікті өзгерту мүм­кіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел, биіктікті өзгерту және отыру және арқа бейімді мүмкін­дігі бар орындық, компью­тер, қосымша аяқ салғыш, қосымша шынтақ сүйеніші, қозғалысты жеңілдетуге арналған қосымша таяныштар мен тұтқалар, вертиколизатор, заттар мен бөлшектерді қармауға және ұстауға арналған аспаптар, құрыл­ғылар, мүгедектің шектелуін өтеу­мен байланысты өзге де арнайы жаб­дықтар мен аспаптар сатып ала алады.
Есту қабілетінен айырылған жандарға жарық беру, қауіпті жағ­дайда белгі беретін жанып-өше­тін жарық құрылғысы, жарық­пен ды­быс шығаратын құрылғы және өзге де құрылғылар орнатылуы қа­жет. Субсидия алу тәртібі бо­йын­­­ша, кәсіпкердің өтінімі www.enbek.kz сайтына электронды нұ­с­­­­­қада тіркеледі. Өтінімге заңды тұл­­­­ғаны мем­лекеттік тіркеу куәлі­гі­нің кө­шір­­месі немесе сол туралы анық­­тама, жұмыс орнын­дағы құрал-жабдықтарды сатып алуға ке­т­кен шығын сметасы қоса өткі­зі­леді. Барлық өтінім халықты жұ­мыс­­пен қамту орталығында қа­был­­данады. Әкімдік уақытша жұмыс орнын ашқан кәсіпкерлер суб­си­дияға үміт арта алмайтынын ескер­теді.

Кәусар АХМЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*