Ресейді таңғалдырған астаналық кім? (видео)

4269
0
Бөлісу:

«Россия – 1» телеарнасының «Ерекше адамдар» шоу-бағдарламасында қазақстандық суретші Ренат Елубаев жеңіске жетіп, еліміздің мәртебесін тағы бір аспандатқаны көпшілікті елең еткізді.
Француз суретшісі Паскаль Праттың туындысын қиықтары арқылы есінде сақтап, қайта салып шықты. Көзі жұмулы күйде көрермен алдында жұмыс істеген Ренат 5 минут ішінде мақсатына жетіп, қалт жібермей бақылап отырғандарды қайран қалдырды.
Байқаудың ақтық сынына жолдама алып, өзін ерекше талант ретінде таныта білді.

Осы орайда біз әлем елдерін аузына қаратып жүрген 35 жастағы суретшіні жұртшылыққа аз-кем таныстыра кетуді жөн көріп отырмыз.

Ол 1982 жылы Арқалықта  туған. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бітірген.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.


Беларусь мемлекетінде өткен «Куршинале – 2015» халықаралық өнер олимпиадасында «Кескіндеме өнері» аталымында бас жүлде иеленген.


New York Realism fine art халықаралық көрмесінің алтын медалімен марапатталған. Италияның Рим қаласында 200 ге жуық суретшімен сынға түсіп, Микеланджелоның Моисей статуэткасын қанжығасына бөктерген.


Сонымен қатар, Ресей, Арменияда ұйымдастырылған талай тартысты додаларда ұлттық нақыштағы туындыларымен алдына жан салып көрген емес. Импрессионистік модерн бағытын ұстанатын қылқалам иесі Елорда тұрғындарына жеке көрмесін ұсынды. Осыған дейін Египетте де көзі байлаулы күйде сурет алып, шеберлік дәріс өткізген болатын.


Алматылықтар үшін де оның қолтаңбасы жақсы таныс.
Ренаттың тағы бір қыры – ақындығы. Сондай-ақ кинорежиссер ретінде де өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген. «Көлеңке», «Полигон», «Бұзақы» фильмдері жоғары бағаға ие.
Біз жаңашыл көзқарастағы талантты суретшіні кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әмірлан Мәулен

Бөлісу:

Пікір жазу


*