Қытай елшісін қабылдады

482
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, көрші қос мемлекеттің бір­ле­сіп, экономиканың түрлі салалары мен жо­ға­ры технологиялар секторында жаңа және қол­даныстағы инвестициялық жоба­лар­ды іске асыру жайы пысықталды.
Бұдан өзге, Қазақстан мен ҚХР ара­сын­­дағы қарым-қатынасты нығайтудың жаңа драйверіне айналған «Нұрлы жол» жаңа эко­но­микалық саясаты мен «Бір бел­деу, бір жол» стра­тегиясының ұштасуы аясын­дағы өзара іс-қимыл бағыттары қаралды.
Қытай мен Қазақстан арасындағы дип­ло­матиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаң­тар­да орнаған. 2017 жылы Қытай Қазақ­стан­ның ірі сыртқы сауда серікте­сі­не айналды. Елі­­міздің басқа мемле­кет­тер­мен тауар айна­лы­­мының жалпы көле­мінде ҚХР үлесі 17,4 пайызды құраған (экспортта – 13,4%, импорт­та – 27,5%).
Осы жылдың қаңтар-тамыз айла­рында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айна­лымы 7 миллиард 251,2 мил­лион доллар­ды құрады, бұл өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 11,3 пайыз­ға көп. Соның ішін­де біздің оларға өткізген экспортымыз 5,9 пайызға өсіп, 3 миллиард 753,7 миллион долларды құра­ды. Импорт 3 миллиард 498,2 млн дол­лар болып отыр. Басқаша айтқанда, Қа­зақ­станның Қытайға сататыны бұл ел­ден тасымалдайтынымыздан асып түсу­де.
Шың елі бізден сатып алатын экс­порт­тың негізгі тауарлары арасында мыс және мыстан жасалған катодтар бірінші орында тұр, одан елге 862,4 млн доллар табыс келді және оның экспорттағы үлесі 23 пайызға жет­­ті (өткен жылдың сәйкес кезеңіне қара­ған­­да 27,1 пайызға немесе $183,7 млн-ға өс­кен). Одан кейін табиғи газ ($635,7 млн, үлесі – 16,9%, өсім – 7 есе немесе $544,2 млн-ға), фер­роқорытпалар ($511 млн, үлесі – 13,6%), кен және мыс­ты концентраттар ($491,2 млн, үлесі – 13,1%), шикі мұнай ($414,7 млн, үлесі – 11%), ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дері ($157 млн, экспорттағы үлесі 5%, өсім – 48,4% неме­се $51,2 млн) орналасқан.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*