Сарыағаштағы сарабдал кеңес

590
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаш қаласында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары бей­рес­ми кездесу барысында елдер ара­сын­дағы, соның ішінде сауда-эко­но­микалық және мә­дени-гу­манитар­лық салалардағы ынты­мақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Сонымен қатар басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясын­дағы өзара іс-қимыл мәселелері қарас­тырылды. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспек­тілер жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*