Министр ұстазын құттықтады

727
0
Бөлісу:

А.Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Пернебек Момынұлының 85 жылдық мерейтойы өтті.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шараға арнайы қатысып, ұстазы Пернебек Момынұлын туған күнімен құттықтады.

– Сізді 85 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз Қазақстанның кәсіби музыка өнері саласында 70 жылға жуық қажырлы еңбек етіп, оның шарықтап өсуіне еңбек сіңірген қамқоршы, өнерді танитын, дұрыс бағыт сілтей білетін халқымыздың бірегей тұлғаларының бірісіз.
Жас кезіңізден бастау алған еңбек жолыңыз бойыңыздағы күш-жігеріңізді, біліктілігіңізді шыңдап, музыка саласын дамытуға шығармашылық үлес қосып, бүгінгі күнге дейін білім саласында қажымай, талмай қызмет атқарып келесіз.


Халқымыздың даңқты ұлы, біртуар композитор Ахмет Жұбановтың есімімен аталатын дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын жоғары кәсіптік біліміңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында 13 жыл басқардыңыз.
Сол жылдары еңбекқор, жаңашыл басшы ретінде музыкалық білім беруді жетілдіру мақсатында көптеген игі істердің ұйытқысы болып, мемлекеттік дәрежедегі қайраткер ретінде танылдыңыз. Мектеп ұжымының құрамына кәсіби деңгейі жоғары ұстаздарды тартып, музыкалық білім беру сапасын арттыруға зор үлес қостыңыз.


Өнердің болашағына, оны ілгері апаратын жас дарындарға деген қамқорлығыңыздың арқасында қаншама дарын иесі мектептен түлеп ұшты. Сіздің бастамаңызбен білікті мамандар Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды балаларды жинап, олардың кәсіби музыкалық білім алуына жол ашты. Шәкірттеріңіз бүгінде ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып, кәсіби музыкалық білім беру саласында еңбек етуде.
Шәкірттеріңізді еліне абыройлы, халқына сыйлы, Қазақстанды күллі әлемге танытатын тұлға ретінде білім беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Сізге айтар алғысымыз шексіз!
Сіздің ерен еңбегіңіз бағаланып, мемлекет тарапынан көптеген атақ, наградалармен марапатталдыңыз.
Құрметті Пернебек Момынұлы! Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, өміріңіздің ұзақ жылдарын халықтың дарынды ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуге арнаған еңбегіңізге шығармашылық табыс, отбасыңызға бақыт-береке, зор денсаулық  тілейміз! – деді.


Пернебек Момынұлы 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындадүниеге келген.1951 – 1956 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынбітірген.1956 – 1961 жылдары Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж директоры.1961 – 1964 жылдары Алматы музыкалық колледжінің мұғалімі.1964 – 1968 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігінің «оқу-әдістемелік және эстетикалық музыкалық жұмыс» бөлімінің меңгерушісі.1968 – 1981 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры.1981 – 1986 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бөлім меңгерушісі, декан, доцент лауазымдарын атқарған.1986 – 1990 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясыныңоқытушысы.1990–2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының кафедра меңгерушісіБүгінде Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры.

Пернебек Момынұлы «Ән-музыка оқулығы, 3-класс» (1967 ж.), «Музыканы тыңдап, түсіне білу» (1969 ж.), «Ән музыка сабағы 6-класс оқулығы» (1974 ж.), «Музыка әлеміне саяхат» (1982 ж.), «Преподавание музыки в начальных классах в общеобразовательных школах Казахстана» (1982 ж.), «Мектеп оқушылары мен студент жастардың музыкалы-эстетикалық тәрбиесі мен білім беру педагогикалық проблемалары» (1993 ж.), «Музыкалы-эстетикалық тәрбие. 1-2 том» (2002 ж.) және т.б кітаптардың авторы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*