Үш Президент кездесті

889
4
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды AKORDA.KZ.


Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өтті.

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. Сунгат 22 Қазан, 2018 at 14:30 Жауап

    Осы үш елдің өз өздерін толық қамтамасыз ете алатын жағдайы жеткілікті, барлық ресурстар бар.

  2. Марат 22 Қазан, 2018 at 14:35 Жауап

    Ресейде ақша ауысады деген сыбыс шығып жатыр, бәлкім сол мәселе кездесудің негізгі себебшісі болған шығар.

  3. Асел 22 Қазан, 2018 at 14:39 Жауап

    Осы үш мемлекеттің арасындағы экономикалық-ынтымақтастық пен достық ажырамасын дейміз.

  4. Серік 22 Қазан, 2018 at 14:43 Жауап

    Әрбір мемлекеттің дамуы, халқының жақсы өмір сүруі сол елдің басшыларына байланысты, бәріміздің арманымз, алға қойған мақсатымыз бір.

Пікір жазу


*