20 жастағы жігіт 46 минутта бес гол соғып, Бундеслига рекордын жаңартты (видео)

1376
0
Бөлісу:

Германия Бундеслигасында ойнайтын «Айнтрахт» клубының шабуылшысы 20 жастағы Лука Йович бір матчта бес гол соғып, рекорд жасады. Франкфурттық команда өз алаңында «Фортунаны» қабылдаған болатын.

Серб ойыншысы 26, 34, 55, 69, 72 минуттарда мергендігімен көзге түсіп, Бундеслига тарихына енген. Сондай-ақ «Айнтрахт» сапынан Себастьен Алле (20, 50) дубль жасаған. Ал «Фортуна» 7 допқа тек пенальтиден соғылған Доди Лукебакионың добымен ғана жауап беріпті.

Қазіргі таңда «Айнтрахт» 13 ұпай жинап, алтыншы орында келе жатыр. Ал «Фортуна» 5 ұпаймен 18 орынды місе тұтуда. Ал 20 жастағы Йович болса Бундеслига тарихында пента-трик орындаған ең жас футболшы атанды. Сондай-ақ бұған дейін «Айнтрахт» сапында бірде бір ойыншы бір матча осыншама көп гол соқпаған.

Жалпы, серб шабуылшысы соңғы ойындарда нәтижелі соққыларымен жиі көзге түсуде. Ол соңғы төрт матчта 8 гол соқса, оның біреуі – Еуропа лигасына тиесілі. Негізі Йович – «Бенфиканың» ойыншысы. Алайда португалиялық клуб оны неміс командасына жалға берген. Ал «Бенфикаға» ол «Црвена Звезда» сапынан ауысып келген еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*