Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

6727
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов америкалық қарсыласы Мэтт Догертиді жеңіп, қазақ еліне қуаныш сыйлады. Олардың кездесуі Бостонда өткен бокс кешінің андеркартында өтті. Аталған кештің басты жекпе-жегі Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондокваның арасында өткен болатын.

Бастапқыда алты раундқа жоспарланған Елеусінов-Догерти жекпе-жегі бірінші раундта-ақ қазақстандық жеңісімен аяқталды. Данияр қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.

Осылайша, 27 жастағы қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейін екі кездесуін Ұлыбританияда өткізген. Енді екеуін АҚШ жерінде өткізіп отыр. Ал 30 жастағы Догерти болса кәсіпқой карьерасында 8 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліп, 1 мәрте тең түскен.

Елеусінов өзінің бесінші кездесуін 30 қараша күні Монте-Карлода өткізеді. Ол күнгі бокс кешінің басты жекпе-жегі ресейлік Денис Лебедев пен америклық Майк Уилсон арасында өрбімек.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*