Мектептегі кездесу

975
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысы Осакаров ауданына Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Ирина Унжакова, Павел Казанцев және «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова келді.

Осакаров ауданының орталық кі­тап­хана жүйесі жанындағы коворкинг-орталықта депутаттар мектеп оқушы­ла­рымен тұрғындар табысының деңгейін арт­тыруға, азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын және тиімді мемлекеттік ап­паратты құруға бағытталған міндет­тер қалай іске асыратынын талқыла­ды.
«Мемлекет басшысының Жолдауы рес­публиканың әрбір азаматына қатыс­ты бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Тиісті қар­жыландырумен бекітілген нақты қа­дамдар анықталды» деп атап өтті өз сө­зінде Мәжіліс депутаты, Эконо­ми­ка­лық реформа және өңірлік даму коми­те­тінің мүшесі Павел Казанцев.
Депутаттар білім беру мен медици­на­лық қызмет сапасының жаңа дең­гейін қамтамасыз ету үшін қабылданып жат­қан заңнамалық және ұйымдастыру ша­ралары, медициналық ұйымдарды одан әрі цифрландыру, тұрғын үйге қол­жетімділік, ТКШ сапасын жақсарту, ішкі істер органдары мен сот жүйесін жаң­ғырту туралы айтты. Жолдау шең­берінде барлығы 100-ге жуық түрлі іс-шараларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде Парламент жыл соңына дейін бірқатар заңнамалық өзгерістер қа­былдайтын болады.
Сонымен қатар Мәжіліс депу­тат­тары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Мемлекет басшысының назары әрқашан жастардың қызығушылығына байланысты екенін атап өтті. Ел Пре­зи­денті алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялағанына тоқталды.
Кездесуді қорытындылай келе, ау­дан әкімі Нұркен Кобжанов Қазақ­стан Пре­зиденті Н. Назарбаевтың бес әлеу­мет­тік бастамасы аясында ауданда жас­тарға барлық жағдай жасалғанын екенін мә­лімдеді. Мәселен, бірқатар бағдар­ла­малар іске асырылып, денешынық-тыру-сауықтыру орталығы, спорт мек­теп­­тері жұмыс істейді, коворкинг-орта­лы­­ғы ашылды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*