Билік белсенді жастарға иек артады

865
0
Бөлісу:

Халықтың ең белсенді бөлігі саналатын жас ұрпақ – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы. Астанада өткен «Инвестиция – жастарға!» халықаралық конференциясының ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай пікір білдірді.

– Әлемдегі ең озық және бел­сен­ді дамушы мемлекеттер жас­тар­ға иек артуда. Олар жастарға жұмсалған шығыстар – бо­ла­шақ­қа салынған инвестициялар еке­нін жақсы түсінеді. Сондықтан стра­тегиялық бағдарламалар, ірі мем­лекеттік жобалар әзірленеді. Сол себепті, Қазақстан Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің таяу­дағы Жолдауында жас ұрпақ­ты кешенді қолдауды – мемлекет­тік саясаттың басымдығы ету жө­­нінде міндет қойды және бір маңыздысы сол – келесі жылды Жас­тар жылы деп жариялады, – де­ді Нұрлан Зайроллаұлы.
Ресми мәлімет бойынша бү­гін­де Қазақстанда жастардың са­­ны – шамамен 4 миллион адам. Оның ішінде 2,3 мил­лионы қалада тұрып жа­тыр, ал 1,7 мил­лио­ны – ауыл жас­тары.
Н.Нығматулин жастардың әлеу­меттік құқықтарын қамтама­сыз ету, шығармашылық әлеуетін да­мыту, оларды табысты әлеумет­тендіру үшін жағдайлар жасау мә­селесі – әрдайым мемлекеттің бас­ты назарында болатынын нық­тады. Жастардың мүддесін іл­герілету үшін құқықтық және инс­титуттық негіз қалыптас­ты­рыл­ды. «Мемлекеттік жастар сая­­саты туралы», «Волонтерлік қыз­мет туралы» заңдар, 2020 жыл­ға дейінгі Мемлекеттік жас­тар саясаты тұжырымдамасы әре­­кет етеді. Еліміз бойынша 549 жас­тар ұйымы жұмыс істейді. Оның 10-ы респуб­ликалық маңыз­­дағы мәртебені иеленген.
– Осылайша, бүгінде Қазақ­стан­ның жастар қозғалысы бір жа­­ғынан берік нормативтік-құ­қық­­тық базаға ие. Екінші жағы­нан, олардың қоғам өмірінің кең ау­қымды мәселелерімен ай­на­лы­сатын әртүрлі ұйымдар мен бір­лес­тіктер жұмысына қатысуға мүм­кіндігі бар, – деді Мәжіліс тө­ра­ғасы.
Оның байламынша, қазақ­стан­дық жастарға сапалы білім алу, өзін-өзі дамыту, шет тілдерін үйрену үшін жақсы алғышарттар жасалған. Жетістіктер қатарында 2017 жылы отандық 8 ЖОО-ның World University Rankings әлемдегі үздік университеттер рейтингіне кіруі, ХХІ ғасырдағы қазақстан­дық жоғары білімнің беткеұс­та­ры­на айналған Назарбаев уни­вер­ситеті бірегей ғылым ордасы­ның құрылуы аталды.
– Биылғы наурызда Елбасы Бес әлеуметтік бастамасын жа­рия етті, оның басым бөлігі жас­тардың әлеуметтік жағдайын жақ­сартуға бағытталған. Қосым­ша 20 мың білім беру грантының бөлінуі жоғары білім алуға деген қолжетімділікті оңайлатады, – деді Нұрлан Нығматулин.
Ол ел Президентінің баста­ма­сымен құрылған «Болашақ» бағ­дарламасы табысты жұмыс істеп жат­қанына назар аудартты. Халықаралық форумға ша­ма­мен 35 елден сарапшылар, ме­мор­гандардың, жастар қоғамдық ұйым­дарының және ғылыми ор­таның өкілдері қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*