Өңірлер есеп берді

504
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Елбасы жариялаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруын» жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстар жөніндегі кезекті селекторлық кеңес өткізді. Онда әкімдердің келесі легінің есептері тыңдалды.

Кеңес барысында Ақмола, Ақ­төбе, Жамбыл, Павлодар және Сол­түстік Қазақстан облыстары әкім­діктерінің биылғы тоғыз ай­да­ғы жұмысының алдын ала қо­рытындылары бойынша есептері және 2018 жылдың соңына дейін­гі жоспарлар талқыланды.
Аталған облыстар әкімдері Мәлік Мырзалин, Бердібек Са­парбаев, Асқар Мырзахметов, Бо­лат Бақауов және Құмар Ақ­са­қалов селекторлық режимде, бей­­небайланыс көмегімен Ас­танаға шығып, жобалық басқару ба­ғыттары аясындағы бастамалар бойынша іс-шараларды орындау және көрсеткіш-индикаторларға қол жеткізу, сондай-ақ жобалар портфелін іске асыру бойынша өздерінде қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.
Базалық индустрияландыру, көлік және логистика, агро­өнер­кәсіптік кешен, отын-энер­ге­ти­ка­лық кешен, туризм, сауда, ден­саулық сақтау, білім беру, жаппай кәсіпкерлік секторларын дамыту, экономика салаларын цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық техноло­гия­ларды ендіру, инвестициялар тар­ту және өнімді жұмыспен қам­ту бағыттары бойынша жа­сал­ған талдау ұсынылды.
Кеңес барысында Білім және ғы­лым министрі Е.Сағадиев, Ден­­саулық сақтау министрі Е.Бір­­та­нов, Ақпарат және ком­му­ни­ка­циялар министрі Д.Абаев, Ин­вес­тициялар және даму бірінші вице-министрі Р.Скляр және Ұлт­тық экономика вице-ми­нист­рі М.Жүнісбекова, Энер­ге­тика вице-министрі Б.Ақшо­ла­қов, ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Б.Бейсенғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ви­це-министрі С.Жақыпова, мә­дениет және спорт вице-ми­нистрі Е.Қожағапанов өздері жауап­ты салаларға қатысты түсі­нік­теме беріп өтті.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*