СЕНІМ ҰЯЛАТҚАН САММИТ

946
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Азия–Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысып, жиын барысында бірқатар кездесулер өткізді. Елбасы
Франция президенті Эмманюэль Макронмен, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен, Корея президенті Мун Чжэ Инмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцянмен, Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен, Италия Премьер-министрі Джузеппе Контемен, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Азия–Еуропа» форумының ХІІ сам­ми­ті­нің пленарлық отырысында сөйлеген сө­зін­­де қақтығыстардың көбеюі, санкция жә­не сауда соғыстарының өршуі жағ­дайын­­да халықаралық саясат шиеленістің ше­гіне жетіп отырғанын атап өтті.
– Біз бүгінгі «Азия–Еуропа» форумы­ның саммитін осы проблемаларды шешу үшін пайдалануымыз қажет. Өкінішке қа­рай, қазіргі кезде әлем табысты диалог пен өза­ра түсіністікке қол жеткізе алмай ке­ле­ді. Бәріміз өткен ғасырдың 60-жылда­рын­да­ғы Кариб дағдарысын еске салатын бү­гін­гі экономикалық және саяси текетірес­тер­ге куә болып отырмыз, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл саммит АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемнің ірі ел­дерін, Еуропа Одағын халықаралық шие­леністерді шешудің жолын іздеуге ша­қыруы қажет екенін айтты.
– Егер Сириядағы, Украинадағы және өзге де елдердегі проблемаларды реттеме­сек, ахуал одан да күрделене түседі. Бал­лис­тикалық ракеталардың таралу қаупі сейіл­мейінше, халықаралық терроризм бас­ты мәселе болып қала бермек, – деді Мем­лекет басшысы.
Қазақстан Президенті әлемдік эко­но­микадағы жағдайдың күрделене түсуіне бай­ланысты кейбір кедей мемлекеттердің ахуа­лы одан ары қиындайтынын айтып, адам­зат үшін оның елеулі қауіп-қатер са­налатынын атап өтті.

– Мемлекеттер көшбасшылары Екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін де, тер­ро­ризмге қарсы күресте де өзара тіл табыса біл­ді. Сондықтан мен АҚШ, Ресей, Қытай ел­дерінің, сондай-ақ Еуропа Одағының бас­шыларын диалогқа шақырып, өзекті проб­лемаларды талқылау үшін Астана алаңын пайдалануды ұсынамын. Бұл мә­селе БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы сес­сиясында да қарастырылуы мүмкін, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы Қа­зақ­станның Азия мен Еуропадағы жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бағыт­тал­ған серіктестікке белсенді атсалысуға дайын екенін еске салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Франция пре­зи­денті Эмманюэль Макронмен кездесуі ба­рысында екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл толға­нын және осы кезең ішінде қажетті бүкіл шарттық-құқықтық база қалыптасқанын атап өтті.
– Бүгінгі кездесуіміздің арқасында Қа­зақ­стан мен Франция арасындағы бай­ла­ныстар жаңа деңгейге көтеріледі деп сене­мін. Біздің елімізде Францияның ондаған компаниясы жұмыс істеуде, өзара тауар ай­налымының көлемі 5 миллиард АҚШ дол­ларына жетуі мүмкін, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Өзара сенім жағдайында өткен кездесу ба­рысында тараптар екі жақты қарым-қа­тынас мәселелерін талқылап, өңірлік және ха­лықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемалар жөнінде ашық пікір ал­масты.
Ал Мемлекет басшысы Еуропалық ко­мис­сия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кез­десуі барысында саммиттің дәстүрге сай жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Еу­ропалық комиссия төрағасын биылғы жел­тоқсанда Санкт-Петерборда өтетін Жо­ғары Еуразиялық экономикалық кеңес­тің кезекті отырысына қатысуға ш­а­қырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*