Астана аялдамасы Қостанайдікінен 6,5 млн теңгеге қымбат болған

1361
0
Бөлісу:

Қостанайлықтар 4,5 млн теңгеге жылы аялдама орнатты. Бұл туралы «Қостанай таңы» басылымының тілшісі Кенже Қонысбай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.

Жаңа аялдама пилоттық үлгіде әзірге тек бір жерде ғана, «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығы маңында бой көтерді. Аялдама іші қыста +18 градусты ұстап тұра алады. Жазда тиісінше қоңыр салқын температура сақталады.

Павилион бейнекамерамен жабдықталған. Аялдама автоматты түрде 6:30 да ашылып, түңгі 23:15-те жабылады.

Айта кетейік, алғаш рет жылы аялдамалар елордамызда пайдалануға берілді. Оның құны 11 млн теңге болған.

Астанада биыл орналастырып жатқан аялдамалардың құны анағұрлым арзан. Жаңа аялдамалардың құны 4,5 миллионнан бастап 6,5 миллион теңгеге дейін бағалануда.

Асқар Алтайұлы

Фото alrt.kz, kostanaytany.kz сайттарынан алынды

Бөлісу:

Пікір жазу


*