ТӨРТ ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

669
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстар қаралатын селекторлық кеңестер циклін одан әрі жалғастырды.

Кеңес барысында Алматы, Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыс­тары әкімдіктерінің осы бағыттағы тоғыз айда­ғы жұмысының алдын ала қоры­тын­дылары бойынша есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспар­лар талқыланды.
Облыс әкімдері А.Баталов, Н.Ноғаев, Е.Қошанов және Қ.Көшер­баев селекторлық режимде, яғни өз өңір­лері­нен бейнебайланыс көме­гі­мен қосы­лып, базалық индустрия­­ландыру, агро­өнер­кәсіптік кешен, отын-энергети­ка­лық кешен, көлік және логистика, сауда, денсау­лық сақтау, білім беру, туризм сектор­ларын дамыту, сондай-ақ экономика сала­ларын цифрландыру және ақпа­рат­­тық-коммуникациялық техно­логиялар, жаппай кәсіпкерлікті және өнімді жұмыспен қамтуды жетіл­­ді­ру бағыт­тары бойынша мақ­сат­ты инди­катор­ларға қол жеткізу­ге жасалған тал­дауларды жариялап, баяндама жасады.
Сондай-ақ кеңес барысында Үкімет басшысының орынбасары Е.Досаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Ұлтт­ық экономика бірін­ші вице-ми­нис­трі Р.Дәленов, Энерге­тика бірін­ші вице-министрі М.Дос­мұхам­­бе­тов, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Б.Бейсенғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минис­трі Н.Мұқышев, Инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев өздері жауапты салалар бойынша түсініктеме беріп өтті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*