ЖАСТАРДА ЖАЛЫН БАР МА?

603
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы: «Патриот болу – Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» деп айқындап берді. Шын мәнінде патриотизм – Отанға, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті өміріне, мемлекеттік нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптастыру. Жастардың санасына патриотизм – өзің, отбасың және Отанымыз үшін деген ұлы жауапкершілік екенін сіңіру ерекше маңызды. 

Жастар мемлекет тарапынан бола­тын қам­қорлықтың объектісі ғана емес, жас­тар – қоғам өміріне қатысушы және оның даму сапасына, қарқынына ықпал ете­­­тін белсенді субъект. Жаңа қа­зақ­­с­тан­­­дық патриотизм қалып­тастыруда бар­лық институттардың рөлі мен орны ма­­ңыз­ды. Соның ішінде білім инсти­тут­тарының жауапкершілігі мен жүкте­месі күрделі.
Жаңа қазақстандық патротизмнің басты құндылықтары жастарға арналған бағдарламаларда анықталған. Оның ішінде жастардың дәстүрлі құнды­лық­тары білім мен мансап, білім беру жүйе­сінің еңбек нарығына айқын бейім­делуді, анықталған қажеттіліктер мен техноло­гия­лық жаңалықтарды ескере отырып, білім беру мен кәсіптік даярлау жүйесінің экономикалық, әлеуметтік және кәсіп­кер­лік болмысқа сәйкес болуы талап етіледі. Жастар арасында ғылым­ның мәртебесін арттыру және олар­ды инно­вациялық жобаларды әзір­леуге қатыс­тыру – жастар саясатының негізгі бағытта­рының бірі. Екінші бағыты жалпы­ға ортақ еңбек қоғамында жастар­дың аса маңызды не­гіз­гі құнды­лық­­та­ры – жас­­тарды эконо­микалық-еңбек қыз­ме­тіне тартуға негізделген еңбексүйгіштік пен ерекше еңбек этикасы болуы керек. Осы­ған байланысты «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», Қазақс­тан Респуб­ликасын үдемелі ин­дус­триялық-иннов­ациялық дамытудың мем­лекеттік бағдар­ламалары жастарға өздерін көрсетуге айрықша мүмкіндік беру үшін жасалған. Бұл жүйені қалып­тастыруда білімді, саяси белсенді жас­тардың қосатын үлесі зор болмақ.
«Отан – отбасынан басталады» деген қа­натты сөз бекерге айтылмаса керек. Отбасы – қоғам болмысының, мемле­кеттің негізі, адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңыз­ды буын. Отбасы қызметтері арқылы тұлға өз жақындары үшін әлеуметтік жауап­кершілік сезімін қалыптастырады. Өмір­дің құндылығы, қауіпсіздігі және оны жалғастыру отбасымен тікелей бай­ла­нысты болғандықтан, отбасы жастар саясаты мәселелеріне негіз болуы қажет. Се­бебі, «Отбасы – шағын мемлекет».
Азаматтардың екінші үйі – еңбек ұжымы мен білім алған оқу орны. Марат Оспа­нов атындағы БҚММУ тұлғаның кәсі­би маман ретінде дайындалуымен қа­тар, жан-жақты тұлға болып қалып­тасуына барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Университеттің түлек­терінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда республикада алдыңғы қатарда тұрғаны олардың мемлекетке деген қаншалықты сүйіспеншілікке ие екенін аңғартса керек.

Абай ҚОРАЗОВ,
Түрксіб аудандық
Әділет басқармасының
инспекторы
Алматы қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*