Ойыннан кейін Стойлов не айтты?

805
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Андорраны жеңгеннен кейін өз пікірімен бөлісті.

«Алдыңғы үш ойында бізде нәтиже болған жоқ, бірақ ойын болды. Бүгін ойын да, нәтиже де болды. Бірақ осыдан соң бәрі жақсы болып кетті деп айтуға тағы болмайды. Мен әдетте матчқа қойған жоспарымды өзгертпеймін. Допты бақылау керек. 4:0 есебімен жеңу, бұл керемет нәтиже» дейді ол.

Бас бапкер Исламханның алаңдағы позициясына қатысты да жауап берді.

«Мұны Андоррада жүргенде ойластырдық. Маған жеке шеберлігін паш етіп ойнай алатын футболшы керек болды. Ол пас та берді, гол да соқты. Мен барынша қарсыластың қорғанысын бұзу туралы ойландым.

Сейдахмет те ойын практикасы болған жоқ. Мен күшті құрамды алаңға шығарғым келді. Ал Зайнутдинов жарақат алғандықтан оны ауыстыруға тура келді. Есеп 3:0 болып тұрған кезде ойыншының денсаулығымен ойнауға болмайды» деді Стойлов.

Сондай-ақ бас бапкерге команда капитаны туралы да сауал қойылған.

«Капитан – Шомко. Мен цирк жасамаймын. Таңдау болмайды. Кімнің капитан болатынын мен шешемін. Егер ол болмаса, онда капитандық белгі Исламханға беріледі. Егер екеуі де жоқ болса, онда басқа футболшыға» дейді болгар маманы.

Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы «Астана-Аренада» Андорра құрамасын қабылдап, 4:0 есебімен Ұлттар Лигасы аясындағы алғашқы жеңісіне жеткен болатын.

Фото: Footboom.kz

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*