ЕЛБАСЫ ФИН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

553
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хельсинкиге барғаннан кейін Финляндияның бизнес өкілдерімен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Рес­публикасы Қазақстанның сауда-эко­но­мика саласындағы маңызды серік­тес­тері­нің бірі екенін атап өтіп, екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынастар достық пен өзара се­німге негізделгенін айтты.
– Тәуелсіздік жылдары Финляндия Қа­зақстанға 300 миллион АҚШ доллары­нан астам инвестиция құйды. Қазақстанда фин капиталының қатысуымен түрлі салаларда 100-ге жуық кәсіпорын тір­кел­ген, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкін­дік­терге жол ашатынын айтып, бүгінгі кез­десудің мақсаты экономикалық қа­рым-қатынастарды жандандыру және жаңа әріптестер іздестіру екенін атап өтті.
– Инвесторлармен және бизнес өкіл­дерімен өзара тиімді іс-қимыл жүргізу мақ­сатымен «Қазақ Инвест» және «Қазақ Экс­порт» ұлттық компаниялары құрылды. Пре­зидент жанында Шетел инвестор­ла­рының кеңесі жұмыс істейді. Металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, химия, азық-түлік өндіру сияқты басым бағыттағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысында корпоративтік, жер және мү­лік салықтарынан босату қарастырылған, жер қойнауын пайдалануға лицензия алу және келісімшарттар жасасу тәртібі жеңіл­детілген. Сондай-ақ шет елдерден жұ­мыс күшін тарту ісі квотасыз әрі рұқсат алу рәсімінсіз жүргізіледі, – деді Қазақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы жиынға қатысып отырған бизнесмендерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды жекешелендіру жөнінде айтып, бұл іске шет елдерден, соның ішінде фин инвесторларынан сұраныс бар екенін атап өтті.
– Біз Финляндия – Қытай бағыты бо­йын­ша Қазақстан аумағы арқылы өте­тін жаңа теміржол ашқанымызға қуаныш­тымыз. Енді бұл бағыт бойынша және кері қарай жөнелтілетін контей­нер­лік тасымал уақыты теңіз жолына қара­ған­да 4 есе қысқарады, – деді Мемлекет бас­шысы.
Қазақстан Президенті ауыл шаруашы­лы­ғы тауарларын өндірушілерге мемле­кет­тік қолдау көрсету мәселелеріне тоқ­та­лып, фин компанияларын агроөндіріс кешеніндегі жобаларды іске асыруға бел­сенді атсалысуға шақырды.
– Қазақстан экономиканы жедел жаң­ғыртуға, жаңа технология мен инно­ва­цияны енгізуге бағыт алды. «Цифрлы Қа­зақстан» арнайы мемлекеттік бағдарла­ма­сы жүзеге асырылуда. Фин компа­ния­ларының осы саладағы тәжірибесі біздің ын­тымақтастығымызға жаңа жол ашар еді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Ас­тана» халықаралық қаржы орта­лы­ғы­ның және соның жанынан ашылған жо­ғары технологиялық биржаның артық­шы­лықтары жөнінде айтып, осы жобаны жүзеге асыруға Шанхай қор биржасы мен NASDAQ америкалық биржасының ат­салысқанын атап өтті.
– «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғының «жасыл», исламдық және инно­ва­циялық қаржы құралдарын дамытудың өңірлік орталығына айналуға толық мүм­кіндігі бар. Фин компанияларын осы ор­талықтың жұмысына атсалысуға ша­қырамын, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев фин кәсіпкерлерінің екі ел арасындағы биз­несті дамыту және өзара тиімді әріп­тестікті нығайту үшін Қазақстандағы бар­лық мүмкіндіктерді пайдаланатынына се­нім білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*