МИРАСТЫҚТАР МӘДЕНИЕТТІ ЦИФРЛАНДЫРУҒА КӨҢІЛ БӨЛДІ

561
0
Бөлісу:

Шымкент қаласына «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері келді. Жұмыс сапарымен келген мирастықтықтардың аймақтарға шығудағы негізгі мақсаты – мәдениет саласын цифрландыру және еліміздің театрларындағы қазіргі репертуар жайлы өзекті мәселелерді талқылау.
«Мирас» республикалық кеңесінің төра­ға­сы, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Мә­жіліс депутаты Бақытбек Смағұл бастаған бір топ қонақтар алдымен үшінші мегаполис Шым­кент қаласындағы Әдеп-ғұрып және салт дәстүр орталығымен, одан соң «Отырар» ғы­лыми-әмбебап кітапханасының жұмысы­мен танысты.
Мирастықтар кітапхананың жұмысын, ондағы цифрландыру жағдайын, электронды каталогтарды, QR-код технологиясын көрді. Сондай-ақ, оларға ҚазҰЭК туралы онлайн ақ­парат берілді.
Кітапханаға ат басын бұрған қонақтар Мем­лекет басшысы Н.Назарбаевтың «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ая­сында жұмыс жүргізіп отырған орталықтың ты­ныс-тіршілігімен танысып, ой бөлісті.
– әлемдегі ең жақсы деген бірнеше кі­тап­ханада болдым. Кітапхана арқылы әрбір ел өзінің ерекшелігін сақтап қалуға, оны бо­ла­шақ ұрпаққа беруге талпынады. «Отырар» кі­тапханасындағы коворкинг орталық за­ма­науи талаптарға сай орналасыпты. Сонымен қа­тар, мұндағы бұрыштар да ұлттық дәстүрмен бе­зендірілген. Бұл бастама өте кұптарлық жайт екен, – деді республикалық кеңестің мү­ше­сі Аскер Пириев.
Одан соң қонақтар Шымкент қаласындағы Қа­зақстан халқы ассамблеясы мәжіліс за­лында өткен көшпелі жиынға қатысты. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Ми­рас» рес­пуб­ликалық кеңесі мүшелерімен қа­тар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қа­ла­лық фи­лиа­лы­ның белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар да жиналған.
Жиында сөз алған «Мирас» республикалық кеңе­сінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бек­бо­лат Тілеухан бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
– «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Жа­­­зушылар одағы жас жазушыларды, ақын­дар мен зиялы қауым өкілдерін қолдау мақ­сатында өзара ынтымақтастық туралы ме­моран­думға қол койды. Бұдан былай партия жазу­шылармен бірлесіп Республикалық жас жазу­шылар байқауын, жазушылардың шығармашылығын насихаттайтын тележоба ашу­ды қолға алмақ. Сонымен қатар кітап­ха­наларда ашылған коворкинг орталықтарда шы­­ғармашыл ұжыммен кездесулер ұйым­дас­тыруды, арнайы Youtube-каналдар ашып, ақын-жазушылармен тығыз қарым-қатынас ор­натуды жоспарлап отыр. Бұл керемет жаңа­лық, маңызды бастама болмақ, – деді депутат.
Жиында Мәжіліс де­пу­таты Бақытбек Смағұл, Мәдениет және спорт министр­лі­гі Мә­дениет және өнер департаментінің ди­­­ректоры Әбіл Жоламанов, Шымкент қаласы әкі­мінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жә­не жазушы Захардин Қыстаубайұлы мә­де­ниет саласын цифрландыру мәселелері бойын­ша баяндама жасады.
Ал Ж.Шанин атындағы академиялық қа­зақ драма театры директорының міндетін ат­қарушы Назарбек Үсіпахметов еліміздің театрларындағы қазіргі репертуарлар тақыры­бы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шең­­­бе­рінде өз пікірін ортаға салды.
Кеңес мүшелері осы күні Шымкент қала­сын­дағы Тәуелсіздік саябағында ағаш отыр­ғы­зып, «Ескі қалашық» аумағын абаттандыру жә­не қайта қалпына келтіру жұмыстарын ба­ғалап, «Қазақ еліне мың алғыс!» мону­мен­тіне гүл шоғын қойды.
Айта кетейік, «Мирас» республикалық қо­ғам­дық кеңесінің көшпелі отырысы Шым­кентте алғаш рет өткізіліп отыр. Мирастықтар шаһарға жұмыс сапары кезіндегі кездесулерде Ел­басы Жолдауын түсіндіру шараларын да жүр­гізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңі­регінде айтылған ұсыныстар мен пікірлер бойын­ша хаттама түзіліп, ол атқарушы орган­дарға орындау үшін жолданатын болды.

Е.МҰРАТБЕК,

Шымкент қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*