Жаңа жатақхана ашылмақ

574
0
Бөлісу:

Білім және ғылым министрлігінде Мемлекет басшысының «Үшінші әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында студенттер үшін жаңа жатақханалық орындар ашу жөнінде алғашқы шарттар бекітілді.

Президенттік бастаманы жүзеге асыру мақсатында ел Үкіметі ғылым қу­ған жастарды жатақханалардағы орын­дармен қамтамасыз ету бойынша мем­лекеттік тапсырыстарды орна­лас­тыруға кірісті. Бұл ретте алғашқы шарт­тар­ға Білім және ғылым министрлігінің, бағ­дарламаның операторы Қаржы ор­та­лығының және елі­міз­дің бірқатар жо­ғары оқу орында­ры­ның өкілдері қол қой­ды. Атап айтқанда, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті,
С.Асфендияров атында­ғы Қазақ ұлттық ме­дициналық универ­си­теті, Қ.Сәтпаев атын­дағы Қазақ ұлт­тық зерттеу техни­ка­лық универ­си­те­ті, Қазақстан инже­нер­лік-техно­ло­гия­лық университеті, Қа­зақстан инно­вациялық университеті, KAZGUU уни­верситеті, Д.Қонаев атын­дағы Еу­разия заң академиясы БҒМ-мен осын­дай келісімге келіп отыр.
Қол жеткізілген уағдаластықтар нә­тижесінде жаңа объектілерді салу немесе қолданыстағыларын реконс­трук­циялау арқылы Астана, Алматы және Семей қалаларының студенттері үшін жатақханаларда 4000-нан астам жаңа төсек-орын енгізіледі. Оның ішін­де 2 мың 810 жаңа төсек-орын ке­ле­сі жылы қолданысқа беріледі деп жос­парлануда.
«Алдағы уақытта оқу орындарымен және әлеуетті инвесторлармен бірле-сіп, жаңа жобаларға бастама жасау жұ­мыс­тарын жандандыру жос­пар­ла­нуда. Бас­ты мақсат 2019 жылы шәкірт жастар үшін жаңадан 5000 төсек-орын енгізу бо­лып отыр» деп хабарлайды Бі­лім жә­не ғылым министрлігі.
Бұдан бөлек, іс-шара барысында бағ­дарлама операторы мен Қазақ­стан­дық ипотекалық ұйым арасында «Сту­дент жастардың тұру жағдай­ла­рын жақ­сарту саласындағы ынты­мақ­тастық ту­ралы меморандум» да бе­кітілді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*