Қайыршының көптігіне кім кінәлі?

922
0
Бөлісу:

Қала мен ауылдың өзіне тән ерекшелігі мен айырмашылығы бар. Ауылды еске ала бастасақ көз алдымызға жайлау мен иісі аңқыған жусан, таң ата жайлауға өрген, кеш бата көшені шаңға көміп, өрістен қайтқан төрт түлігіміз елестеп кетері сөзсіз. Қала десек алғаш еске түсері зәулім ғимараттар мен кептелістен көзі ашылмаған көшелер, әсем де жарық шамдар мен жұмысқа асыққан қарапайым халық. Алайда соңғы жылдары қайыршыларсыз қаланы елестету мүмкін болмай кетті. Қыр баласы бала шақтан болашаққа аттанып, үлкен өмір есігін ашқан сәтте алғаш көретіні де осы қайыршылар болып барады.

Бір ғана Алматыдағы шешіл­ме­ген түйткілді мәселелердің бірі – қайыршылар. Қалаға аяқ бас­­қан сәттен-ақ, «Асыл арман» ық­ш­ам­­ауданынан бастап, «Алтын ор­да» базарымен жалғасып, қалаға еніп кеткен қайыршылар – кімдер? Жур­налистер осы тақырыпта сөз қоз­ғап, бірі қайыршылырды «рухы әлсіз­дер» десе, бірі «бейбақтар» деп баға берген. «Қазақстанда қанша қайыр­шы бар?» деп зерттеу жүргізіп, «Қайыр­шылардың «крышасы» кім?» деген тақырыпты да талқылап, бү­гінде қайыршылықтың «бизнес көзі, табыс табу» жолына айналып бара жатқанын да ашына жаз­ған болатын. Олардың бір күнде 500-5000 теңге аралығында табыс табатынын да зерделеді. Журна­листер қайыршыларды қада­ға­лай­тын мекемелерді іздеп, өзге ел­дер­дің қайыршылармен күресу тәжі­ри­бе­лерін ортаға салып жүргенде, олар­­дың қарасы күн өткен сайын көбеюде. Кішкентай баласын алдына алып, күн ұзақ қайыр сұрайтындай жас ананың басына не күн туды деп ой­ла­насың? Арбаға таңылған бүл­дір­шінді көргенде қай қазақтың болма­сын жүрегі елжірей түсері сөз­­сіз. Қалада неге қайыршы көп? Се­бебі, ауылдағыдай ағайын-туыс­тың араласатыны қалалық жер­лер­­де жетпейтіні сезіліп тұрады. Бауыр­­малдық пен мейірім азай­­ғанын байқайсың. Көшелерді жаяу жүріп араласаңыз, қайыр сұрап отыр­ған әжелерді көресіз, «бұл кісі­­лердің дүниеге әкеліп тәрбие­ле­ген ұл-қызы жоқ па?» деген ойда қала­сыз. Бұрынғы кеңес дәуірінің қиыншылығын көрген бұл ата-әжелеріміздің баласы болмауы мүм­кін емес. Бұл жайт «Заманына қарай адамы» деп санасы өзгерген бүгінгі жастардың қарттар үйіне өткізбек болған немесе оларды ала­қа­нына салып мәпелеуден қашқан әрекеттерінің көрінісі емес пе екен деген ой жүрек түбінде жата­ды. Жанына шұбыртып бала-шаға­сын ертіп, қайыр сұрап жүретін ана­­лар­дың да айтар уәжі бар. «Мем­ле­­кеттен тиісті әлеуметтік көме­гім­ді ала алмадым» дейтін жеке отбасылық қиындықтар. Осыдан-ақ қалада ағайын арасындағы өзіндік құндылықтардың жойылып бара жатқанына куә боламыз.
Қоғамдық көлікке міне кетіп, Қай­­раттың әнін шырқата жөнелген ба­ла­­қайға не дерсіз? Ақшасын ұстат­па­­саң ренжиді, ұстатсаң да күнде көретінің осы көрініс.
Бірде Алматының Арбатына жол түскенде, мынадай оқиғаның куәсі болдым. Он алты-он жеті жастағы жасөспірім кешкі сал­қынға қарамастан, жұқалтаң киі­мі­мен қайыр сұрап ұзақ тұрды. Ел таны­ма­сын деді ме, бетін көлегейлеп, алдын­дағы тостағанына көз салып тұрды. Ішінде бірлі жарым тиыны бар. Кім екенін білмек ниетте жақын­­дағанымызда бір егде тартқан кем­пір­дің даусы шаңқ ете қалды. Бар ашуын шақырып: «Бұл – менің же­рім. Бұл жерге отыруға болмайды. Онсыз да ұзақ тұрдың», – деп оны қуып жіберді. Осы жайттан кейін-ақ қайыр сұрау «Кәсіп емей немене? Қа­зақ­тың жерін өздерінше бөліп ал­ғаны қай сасқаны?» деген ойда қал­дым. Қайыршылар – қоғамның дерті. Қайыршылықты жою – сіз бен біздің міндетіміз.

Жанерке МҰРАТХАНҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың 2-курс студенті

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*