Маңғыстауда маман жоқ па?

2347
2
Бөлісу:

Жақында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі халыққа Жолдауында ел үкіметі мен өңір басшыларын сынаған болатын. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың тиісті түрде орындалмай жатқаны, бюджет қаржысының уақытылы игерілмегені қатты айтылды.

Бұл әрине, облыс әкімдіктеріндегі мамандардың әлсіздігі мен білім деңгейінің төмендігі салдарынан екені белгілі. Осыдан болар облыстардың әлеуметтік жағдайы мен экономикалық деңгейі әлсіреп, даму динамикасы төмендеуде. Өседі деп отырғанда өшіп кетпесе екен деген үрей пайда болды. Қажетті маман таппай, қажетсіз қызметкермен толығып алған мекемелер де баршылық.

Мәселен, Маңғыстау облысында әлі күнге дейін жауапты қызметтердің басшылары тағайындалмапты. Арнайы инвестицияға жауапты әкімнің орынбасарының креслосы бос. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының басшысы, ішкі саясат басшысы, білім басқармасы басшысының орындары үңірейіп тұр.

Ал кейбір ведомстволар, әсіресе денсаулық сақтау басқармасы алдына қойған міндеттерді орындауға келгенде әлсіздік танытып, олқылықтар жіберіп алуда. Бұл туралы республикалық басылымдарда талай сыни мақалалар жарияланды.

Қорыта айтқанда, төртеу түгел болмай төбедегіні аламыз деген бос сөз. 18 миллион халықтың арасынан басшылыққа адам таппай отыру, әкімдердің әлсіздігі емей немене…

Асқар Ахметқазы

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Жусипбекова Гулнар Бектайқызы 14 Қазан, 2018 at 19:24 Жауап

    Егер мемлекеттік қызмеркерлерге ойдағыдай жағдайлары жасалса, барып жұмыс істер едік қой.

Пікір жазу


*