Таразда университет монументі ашылды

469
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тараз қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» аясында өткен іс-шараларға қатысты.

Жиынға сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов, Өзбекстан Әйелдер комитеті тө­райы­мының орынбасары М.Нурматова, Қазақстан Пре­зиденті жанындағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар мен қалың жұртшылық өкілдері қатысты.
Қатысушыларды құттықтаған Гүлшара Әбдіқа­лы­қова Елбасы Н.Назарбаевтың: «Ұлттық салт-дәс­түрі­міз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, той жо­рал­ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухы­мыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген сөзіне баса назар аударды.
Іс-шаралар аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкер­лер палатасының Іскер әйелдер кеңесі және «Қазақ­стан­ның іскер әйелдері қауымдастығы» бірлестігі өкіл­дерінің Өзбекстаннан келген әріптестерімен кездесулері өтті. Сонымен бірге, Жамбыл облысы мен Өзбекстан арасындағы туристік қызмет көрсету саласын дамытудағы ынтымақтастық пен туризмді ұйымдастыру ісін жетілдіру жөнінде келісім жасалды.
Сапар барысында Мемлекеттік хатшы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
60 жылдығына арналған іс-шараларға да қатысты. Уни­верситетте 685 профессор және оқытушы қызмет ете­ді. 12 мыңнан астам студент білім алуда, 14 оқу-зерт­хана кешені, заманауи құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етілген 155 зертхана жұмыс істейді.
Г.Әбдіқалықова оқытушылар мен студенттерді Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын белсенді жүзеге асыруға шақырды. Сон­дай-ақ Мемлекеттік хатшы салтанатты түрде «Уни­верситет шежіресі» монументін, заманауи спорт ке­шенін ашып, студенттерге арналған 500 орындық жа­тақхана құрылысының алғашқы кірпішін қалау рә­сіміне қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*