НАМЫСТАН ЖАРАЛҒАН ЕР ӨТТІ!

1658
1
Бөлісу:

Шерхан Мұртаза – қалың қазақтың Шер-Ағасы жәннаттағы бабалар бау-бақшасына бет алды.

Шерхан Мұртаза – Алты Алаштың айбары, қарасөздің қайнары, намыстың қайрағы, қазақтың қаймағы еді.

Шер-Ағаң кетті дегенше, ақиқаттың айбалтасы сынды десейші!

Шер-Ағаң кетті дегенше, шындықтың белі бүгілді десейші!

Шер-Ағаң кетті дегенше, кемел сөздің көбесі сөгілді десейші!

Шер-Ағаң кетті дегенше, ел қамын жеген есіл ер, еңіреп өтті десейші!

Ұстазың кетсе, ұсқының кетеді. Дәл қазір біз сондаймыз…

Бір кем дүние-ай!

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*