Елбасын алдағандар елді алдай ала ма?

1207
0
Бөлісу:

Әлеуметтік желіде «Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау қаласына келуіне дайынбыз!» деген тақырыпта әуесқой суреттер жарияланды. Түсірілімнен ғимарат алдындағы көше бойына, онда да бөренеге кіріктіріліп «отырғызылған» жасанды талдарды көруге болады.  Бұл шын мәнінде қай облыста түсірілгені нақты белгісіз. Желі қолданушыларының мәліметінше, мұнайлы өлке Елбасын күтіп алуға қызу дайындалып жатқан сияқты… Бірақ суреттегі табиғат Атырау өңірне аса ұқсамайды және де  мұндағы ғимараттың осы аймаққа тиесілі екеніне де күмәніміз бар.

Дегенмен, бұған дейін Президенттің өз аузынан кейбір әкімдердің Мемлекет басшысына тұсауын кескізіп, аштырып алып, сол нысандардың артынан жұмыс істемей тұратыны туралы естіген едік. Бұл сурет қай облысқа тиесілі болса да, көзбояушылықтан алдына жан салмайтыны көрініп тұр. Алайда, Елбасын алдағандар елді алдай ала ма?

 

 

«Айқын» ақпарат

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*