Барлық салада ынтымақтастық дамып келеді

791
0
Бөлісу:

Н. Нығматулин Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Бинали Йылдырыммен кездесті.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Бинали Йылдырым Анталиядағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі ынталандыру жайын талқылады. Кездесуде екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоғанның өзара түсіністікке негізделген бірлескен тиімді жұмысының арқасында Қазақстан мен Түркия көпқырлы әріптестікті нығайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы қарқынды саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнатылып, өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың барлық салаларында тиімді дамып келеді. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Түркия елдерінің қарым-қатынасына 2017 жылдың қыркүйек айындағы Түркия Президентінің Қазақстанға ресми сапары және Қазақстан Президентінің осы жылдың қыркүйек айындағы Түркияға ресми сапары елдер арасындағы байланыстың нығаюына тың серпін берді. Кездесуде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды атап өткен Мәжіліс Төрағасы, көлік және логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салалары екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттары бола алатынына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Бинали Йылдырым парламентаралық байланыстың нығаюы Астана мен Анкараның өзара жан-жақты тиімді ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*