Әуежай қызметкерлері жазаланды

706
0
Бөлісу:

Азаматтық авиация комитеті Алматы – Гонконг рейсіне әнші Төреғали Төреәлінің билетсіз емін-еркін кіріп кетуіне жол берген әуежай қызметкерлерін жазалады.
Алматы әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, ұшақ бортында бөтен адамның жүру дерегіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша әуежай мен әуекомпанияның бірнеше қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы халықаралық әуежайы Авиациялық қауіпсіздік комитеті тексеру бөлімшелерінің инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 570-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік айып салынды. Олардың әрқайсы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агент Карина Абдурахипова да жауапкершілікке тартылды. Ол да 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (48 100 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.
Бұған дейін оқиға салдарынан аталмыш рейстің жолаушылары қайта шығарылып, тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ұшақтың едәуір кешіктірілгені хабарланған болатын.

Айқын-ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*