САУДА-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТАДЫ

650
0
Бөлісу:

ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН САУДА-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТАДЫ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН АШАДЫ.

Бүгін Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.

Үкіметаралық комиссияның Қазақстан тарапына ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ал британдық тарапқа Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Сауда саясаты және халықаралық сауда жөніндегі министрі Джордж Холлингбери төрағалық етті.

Бұл іс-шара екі елдің мемлекеттік секторлары мен бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Өйткені, сауда-экономикалық қатынастардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау жемісті болды.

Іс-шараға 50-ден астам Ұлыбританияның іскер топ өкілдері қатысты.

«Ұлыбритания Еуропадағы негізгі және стратегиялық серіктес. Осы жылдардағы екіжақты қарым-қатынастардың жоғары даму динамикасын айрықша атап өткім келеді. Өзара жасалатын с апарлар үлкен рөл атқарады», – деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.

Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның 10 үздік сауда серіктестігінің тобына кіреді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2% -ға өсіп, 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2016 жылы – 1,262 млрд. Доллар).

«Ұлыбритания мен Қазақстан білім, мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, қаржы, химия, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация сияқты көптеген салаларда ынтымақтастықты дамытуда. Бұл кездесу біздің әріптестігімізді нығайтуға және Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа салаларын ашуға, сондай-ақ Ұлыбританияны бизнес үшін сенімді серіктес ретінде алға жылжытуға мүмкіндік береді», – деді министр Холлингбери.

Үкіметаралық комиссияның аясында энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы екі Жұмыс тобының отырысы, сондай-ақ, «Астана халықаралық қаржы орталығы» мен «TheCityUK» қаржы институттары өкілдерінің кездесуі өтті.

Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларды ұсынатын британдық компаниялармен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Ұлыбритания үкіметі бұдан әрі технологиялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға барын салады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 400-ден астам британдық компания жұмыс істейді. Олар негізінен өндіруші салалар, қаржылық қызметтер, құқық, жобаларды басқару, білім беру және технология.

«Қазақстанның ұзақ мерзімді сауда серіктесі ретінде британдық компаниялар біздің қазақстандық серіктестерімізге қолдау көрсете алатын салалардың жоғары тәжірибесі мен инновацияларын ұсына алады», – деп атап өтті министр Холлингбери.

Отырыста мұнай-газ, қаржы және тау-кен салаларын талқылаумен қатар, жаңартылатын энергия көздері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды кәдеге жарату салаларындағы әлеуетті жобалар да талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттама мен бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

Анықтама: Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 743,4 млн. АҚШ долларын құрады.

2005 жылдан бастап 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін Ұлыбританиядан Қазақстанғасалынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 12,8 млн. АҚШ долларды құрады.

2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша Қазақстанда британдықтардың қатысуымен 403 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*