Басқарудың заманауи үрдістері талқыланды

819
0
Бөлісу:

Елордадағы Назарбаев Университетінде 30-дан астам елдің өкілдері посткеңестік Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи үрдістерін талқылады.

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (НУ ЖМСМ) мен Астана мемлекеттік қызмет хабы «Посткеңестік Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи мәселелері» тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияға қазақ елінен басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Венгрия, Сингапур, Қытай, Нидерланды, Малайзия, Үндістан, Аустралия секілді елдердің зерттеушілері, сарапшылары және мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов конференцияны аша отырып: «Біздің өңір елдері әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірегей жолын мемлекет рөлін трансформациялау және мемлекеттік қызметтің өзіндік модельдерін дамытумен қатар өтті. Өткен жолды ой елегінен өткізу, жетістіктер мен мәселелерді талдау ғалымдар үшін де, мемлекеттік қызметшілер үшін де маңызды», – деп атап өтті.

Өз кезегінде, НУ ЖМСМ деканы Вэн Тат Хуэй  былай деді: «Конференция 30-дан астам елдің зерттеушілері мен практиктарының басын қосқанына қуаныштымыз, олар бір-бірімен мемлекеттік басқару саласында білім мен тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, посткеңестік Еуразия елдерінің көшбасшыларына арналған дәлелді саясат қабылданады деп сенемін».

Конференцияның ашылу салтанатында Орталық және Шығыс Еуропадағы мемлекеттік басқару мектептері мен институттар желісінің (NISPAcee) Президенті Георгий Хаджналда құттықтау сөз сөйледі.

Конференция аясында мемлекеттік менеджмент, мемлекеттік қызметті реформалау, үкімет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестік және басқа да тақырыптар бойынша сессиялар өткізіліп, онда 60-тан астам баяндама жасалды. Конференцияға қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, білімі мен тәжірибесімен алмасып, әріптестік байланыстарын кеңейтті.

Мемлекеттік саясат және басқару мәселелері жөніндегі халықаралық конференция екінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы бас ұйымдастырушылармен қатар, Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі, Британ академиясы және Ольстер университеті де қолдау көрсетті.

Асқар Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*