Хабиб: Егер мен бірнәрсені дұрыс істемесем, онда мені түрмеге отырғызыңдар (видео)

4955
0
Бөлісу:

Ресейлік Хабиб Нұрмагомедов жекпе-жектен соң чемпиондық белбеуді алған жоқ. Ол бүгінгі кездесуде Конор МакГрегорды жеңіп, UFC чемпионы деген атақты алғаш рет қорғап қалған болатын.

UFC басшысы Дана Уайттың айтуынша, Хабибтің қауіпсіздігі үшін ол октагоннан арнайы күзетшілердің қорғауымен шығарылған. Дегенмен Дана Уайт ресейлік спортшының UFC чемпионы екенін және титулын қорғап қалғанын ресми мәлімдепті.

Еске салсақ, Нұрмагомедов жеңіске жеткен соң төбелес шығарып, Конордың жанкүйерлерімен қақтығысып қалған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@khabib_nurmagomedov defeats @thenotoriousmma by Submission. #UFC229 . #mma #ufc #Wow #mcgregor #nurmagomedov

Публикация от 乇乇尺リイんノ刀ム尺乇丂イレノ刀ム395 ? (@everythingwrestling.395)

«Мен сабырлымын. Мен өз қарсыластарымды әркез құрметтеймін, бірақ бұл ашу тудыратын жағдай болды. Белдікті әкеліңдер, мен кетемін. Егер мен бірнәрсені дұрыс істемесем, онда мені түрмеге отырғызыңдар. Тек маған өз белдігімді беріңдер» депті Хабиб кездесуден соң.

Ал кездесуден соң Дана Уайт ирландиялық спортшының қасына барып, оның жақсы төбелескенін, бірақ екі жыл бойы октагонға шықпағаны кәдімгідей кері әсер еткенін ашық айтыпты. Ал Уайттың бұл жұбатуына Конор: «Менің бәріне түкіргенім бар. Мен жақсы төбелестім. Мен оның абыройын төккім келді» деп жауап берген.

Еске салсақ, Хабиб 27 жекпе-жегіндегі 27 жеңісіне қол жеткізді. Ал МакГрегор болса кәсіби мансабында 25 кездесу өткізіп, бүгін төртінші рет жеңілді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*