Батыр Жүкембаев әуелі ногдаунға түсіп қалып, сосын қарсыласын жеңіп кетті (видео)

5572
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Квебек қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласы мексикалық Патрисио Мореноны жеңіп кетті.

Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу Videotron Centre аренасындағы бокс кешінің андеркартында өткен болатын. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта аяқталды.

Алғашқы раундта Батыр ногдаунға түсіп қалған болатын, алайда екінші кезеңнің соңында қазақстандық боксшы Мореноға ауыр соққылар жұмсап, басымдылығын байқатты. Ал 7 раунда Жүкембаевтың күрзі соққысы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бастапқыда Жүкембаев пен Морено WBC International вакантты титулына таласуы керек болған, алайда ұйым кейін бұған санкция бермей қойыпты.

Осылайша, 27 жастағы Жүкембаев кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізіп, оның 12-ін нокаутпен аяқтап отыр. Боксшы мансабы басталғалы бері 2015 жылдан барлық жекпе-жектерін Канадада өткізіп келе жатыр.

Бейнежазбаны vesti.kz сайты жариялаған

Ал мансабында 20 рет жеңіске жетіп, оның 14-інде нокаутпен ұтқан Морено үшінші рет жеңілістің дәмін татты.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*