Ғасыр жекпе-жегі: Хабиб Нұрмагомедов жеңіске жетті, бірақ…

8552
1
Бөлісу:

Лас-Вегаста UFC 229 турнирі өтіп, көрермендер соның аясында жеңіл салмақтағы ережесіз жекпе-жек мықтысы атағын иелену үшін ирландиялық Конор МакГрегор мен Хабиб Нұрмагомедов арасындағы тартысқа да куә болды. 

Басты жекпе-жек басталамын дегенше бірқатар кездесулер болып өтті. Ол кездесулер спортшылардың рейтингтегі жағдайына тікелей әсер етеді. Сондай спортшылардың бірі Тони Фергюсон қарсыласы Энтони Петтисті жеңіп, Хабиб пен Конор арасындағы жеңімпаздың болашақ қарсыласы атанды.

Андеркарт аясында Доминик Рейес төрешілер шешімімен Овинс Сен-Прюдан басым түсті.

Ал Деррик Льюс ресейлік Александр Волковтан мықты екенін байқатты.

Мишель Уоттерсон төрешілер шешімімен Фелис Херригті ұтты.

Сондай-ақ Ян Куницкий Лан Лансбергтен айласын асыра алды.

Ал Конор МакГрегор мен Хабиб Нұрмагомедов арасындағы жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 10:40-та басталды. Алғашқы раундта Хабиб Конорды астына ұстап алып, тырп еткізбей қойды.

Екінші раундта да дағыстандық файтер өте қарқынды бастап, Конорға бірнеше дәл соққы жұмсады. Екінші кезеңде Хабиб айқын басымдық байқатып, ирландиялықты әбден сабады. МакГрегор дәл мұндай қарсылық күтпесе керек, тыпырлап тығырықтан шығар жол іздеумен әуре болды. Осылайша, екінші раундта да Конор Хабибке еш айла қолдана алмай, шарасыздық танытты.

Үшінші раундта да Хабиб МакГрегорды бұрышқа тақап, шабуылға шығуға еш мүмкіндік берген жоқ.

Төртінші кезеңде Хабиб тағы да жылдам тейкдаун қолданып, МакГрегорды бұрышқа тықсырды. Раундтың соңы жаппай төбелеске ұласып кетті. Оның алдында Хабиб Конорды қылқындырып, жеңісті еншілеп үлгерген еді. Бұдан соң іле-шала Хабиб өзінің намысына тиген жанкүйерлерге қарай ұмтылса, дағыстандық спортшының жақтастары сегіз бұрыштың ішіне кіріп, Конорға қарай лап қойды.

Осылайша, төрешілер бұл жекпе-жектегі ресми жеңімпазды жариялаған жоқ. Хабибтің қызуқандылығы оның жеңіске жетуіне кері әсерін тигізген сияқты.

Абай Аймағамбет 

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Дәмеш 7 Қазан, 2018 at 16:44 Жауап

    Ең соңында хабарлады ғой Хабибтың жеңгенің . Хабиб клеткадан шықпай менің чемпион поясым қайда деп сұрап еді төрешілер қазыр поясты берсек мына жер хаос болады деді, сондықтан Хабиб чемпион.Аудитория толық МакГрегор болысты, соған қарамастан Хабиб мықты төбелесті .

Пікір жазу


*