«Астана» – «Ренн»: Бүгін кім жеңеді?

610
0
Бөлісу:

Бүгін, 4 қазан күні «Астана» клубы Еуропа лигасы топтық турнирі аясында француздың «Ренн» клубымен кездеседі. Матч «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Қазақстандық клубтың бас бапкері қызметін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның айтуынша, бізді тең нәтиже де қанағаттандырады.

«Біз барынша ұйымдасып ойнап, ұпай алуға тырысамыз. Мұндай қарсыласпен тең ойнасақ та жетістік. Олардың құрамы кіл сапалы ойыншылардан құралған. Бен Арфаның өзі бір эпизодпен ақ бәрін шешіп кетуі мүмкін. Бізге қорғаныста сақ ойнап, сәтті шабуылдар ұйымдастыра білу керек. Біздің ойыншылар да матчқа дайын. Физикалық дайындықтары да жақсы» депті Бабаян.

Өз кезегінде «Ренн» командасының бас бапкері Сабри Лямуши де пікір білдерген.

«Бен Арфаға келетін болсақ, ол бүгін алаңға шықпайды. Бұл футболшының өз шешімі. Аз уақыт үзіліс алғысы келді. Екі күннен кейін біз «Монакомен» ойнаймыз.

Қазақстанға келгенім үшін қуаныштымын. Бізде жарақат алған ойыншылар жоқ. Астанаға сәтті ұшып келдік. Біздің ойыншылар уақыт қашықтығын сезінбес үшін бар жағдайды жасай алдық деп ойлаймын. Литвада тоқтадық. Бірақ ол жерде техникалық мәселе бойынша ғана. «Астана» – дайындығы мығым, шымыр команда. Командалық футболды қалыптастырып келеді. Олар Киевте өздерінің мықты екендерін байқатты» дейді бас бапкер.

Кездесу «Астана-Аренада» Астана уақыты бойынша сағат 20:50-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*