Геннадий Головкин Қазақстанға келді

1137
2
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанға оралды. Ол дереу туған жері Қарағандыға ат басын бұрған.

2 қазан күні боксшы Майқұдықта былтыр ашылған өзінің атындағы спорт сауықтыру кешеніне барыпты. Спорт кешеніне бейресми түрде келген Головкин секция жұмысымен танысып, жас спортшылармен кездескен.

Геннадий спорт үйірмелерінде жаттығып жатқан жас тәрбиеленушілермен кездесіп, оларға үлкен жетістіктер тілеген.

Сондай-ақ боксшы 5 қазан күні Алматыға келіп, «Технодом» сауда үйімен бірлесе отырып баспасөз мәслихатын өткізбекші. Таңғы 10:30-да басталатын баспасөз отырысы Ritz Carlton отелінде өтеді екен. Боксшының қатысуымен болатын отырыс тікелей эфирде көрсетілмек. Аталған баспасөз мәслихатын кез келген адам барып тамашалап, боксшының қолтаңбасы қойылған ашық хаттарды ала алады.

Ал «Технодомның» Инстаграм, Фейсбук және ВКонтакте желілеріндегі ресми топтарында Головкиннің өзі қол қоятын 15 жұп бокс қолғабы ойнатылмақ.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Ainaw 4 Қазан, 2018 at 16:02 Жауап

    Геннадий является ярким примером для наших детей и мотиватором. Я очень рада что он встретился с детьми и поговорил с ними о спорте, хорошо когда детям есть с кого брать пример и на кого равняться.

Пікір жазу


*