«Заң жылын» ашты

710
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Англияның бас судьясы, лорд Бурнет Мальдонның шақыруы бойынша Ұлыбритания бас қаласы Лондондағы «Заң жылының» салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиға Вестминстер аббаттығында өтті.

Іс-шараға 700-ге жуық лауазымды тұлға шақырыл­ған. Мәртебелі меймандардың қатарында судьялар, аға сот шенеуніктері, заңгерлер, ханша­йым­ның кеңесшілері (барристерлер), министрлер, Еуропалық соттың мүшелері мен адвокаттар бар. Салтанатты жиынға Катар, Иордания, Ирак пен Мексика жоғарғы соттарының төрағалары да қатысты.
Осы сапар шеңберінде Жақып Асанов судья Карол Аткинсонмен және Англия мен Уэльстегі Заңгерлік қоғамның вице-президенті Саймон Дэйвиспен жүздесті. Сонымен қатар ол Корольдік сотта судья Питер Грос және Робин Ноулспен кездесу өткізді.
Өзара пікір алмасу барысында Қазақстанның жо­ғар­-ғы сот органының басшысы еліміздегі сот жүйесін жақ­сарту бағытында қолға алынған шаралар туралы әңгі­меледі. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспарын практикалық іске асыру аясында жүргізілуде.
– Осы жылдың қаңтарынан бастап, «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасына сәйкес жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Соттардағы барлық өзгерістердің басты мақсаты – халықтың сотқа сенімін арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету, – деді Ж.Асанов.
Бұған қоса, ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының, сондай-ақ арбитраж бен ағылшын-саксон құқық жүйесіне негізделген тәуелсіз соттың құрылғанын айта келе, Қазақстанның сот жүйесі мен лорд Гарри Вульф бастаған АХҚО соты арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгеніне назар аудартты.
Жоғарғы сот төрағасы қазақстандық судья­лардың «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде тағы­лымдамадан өтуін ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Англия мен Уэльстің Заңгерлер қоғамына өз алғысын білдірді. Әңгіме барысында ағылшын құқығы бойынша «Құқықтық қызметтер аса маңызды» тақырыбында Астанада жақында өтетін конференция аясында өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігі айтылды.
Тараптар осы сапар Қазақстан мен Ұлыбри­та­ния­ның құқық саласындағы қарым-қаты­насын дамытуға жаңа серпін береріне сенім білдірді.

Айхан ШӘРІП

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*