Мұғалімдер меморандумға қол қойды

685
0
Бөлісу:

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы және Каунас қаласы педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының директоры арасында ынтымақтастық қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою тараптардың кәсіби байланыстарын ынтымақтастықпен нығайту, олардың әріптестік бағдарламаларды құру мүмкіндігін кеңейту және білім беру саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ делегациясы құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, профессор Караев Ж. А., «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самсаев И. М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институт директоры, профессор Ж. А. Макатова,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, профессор Кеңесбаев С. М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, Садуақасова Р. А., «Өрлеу» БАҰО» АҚ кәсіптік білім беру, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, биология ғылымдарының кандидаты Исламгулова А. Ф., «Өрлеу» БАҰО» АҚ әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, PhD Қилыбаев Т. Б.; «Өрлеу» БАҰО» АҚ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымбекова А. Т. және т.б оқу-ағарту саласының өкілдері болды.

Салтанатты жиын барысында екі тарап та бір-біріне әріптестік ретінде ықыласты түрде қызығушылық танытты. Айта кету керек, Литва делегациясын Алматы қаласындағы Литва елшілігінің  Бас консулы Дарюс Виткаускас бастап келді. Қонақтар құрамында Литва елінің оқу-ағарту саласындағы көшбасшылары, осы республиканың техника ғылымы және әлеуметтік ғылым докторлары, ағарту саласы мәселелері бойынша қала мэрінің көмекшісі қызметіндегі  белгілі тұлғалар болды. Сонымен бірге, Каунастағы Панемунский бастауыш мектеп директоры Виргиния Рупайнене, Каунастағы педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының директоры Раса Борткявичене, әлеуметтік ғылым докторы, инженерлік лицей директоры Дайнюс Жвирдаускастар қатысқан бұл жиында Литва мектеп директорлары қауымдастығының Каунас бөлімшесі президенті,  Пушкин атындағы гимназия директоры Эрикас Гришкявичус делегация құрамымен жиналғандарды таныстырды. Сондай-ақ делегация құрамындағы «Саулес» Каунас гимназиясының директоры Соната Драздавичене; Петрашюнский атындағы Каунас гимназиясының директоры Антанина Джюгене; Тадас Иванаускас атындағы Каунас гимназиясының директоры Сигитас Алубаускас; Казиса Гринюса атындағы Каунас гимназиясының директоры Станисловас Шиманаускас; әлеуметтік ғылымдар докторы, Ионаса және Пятраса Вилейшисов атындағы Каунас гимназиясының директоры Даля Лапенене; Майрониса атындағы Каунас гимназиясының директоры, әлеуметтік ғылымдар докторы Дайва Гарнене; Каунас Миликонский прогимназиясының директоры Янас Ризгялис кеш қонақтары болды.

Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері Литвадан келген қонақтарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының жалпы қызметімен және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жетістіктерімен таныстырды. Литва делегациясы «Робототехника», «М. Монтессори» кабинеттері мен Ақпараттық-коммуникациялық орталықта, Мультимедиялық зертханада болып, Қазақстан Республикасындағы біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мұражайын аралады.

Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз еліндегі білім беру жүйесі құрылымындағы ерекшеліктерімен, қол жеткен жетістіктерімен бөлісіп, алға қойған басым міндеттерін, соның ішінде ынтымақтастық міндеттерді атап өтті.

Педагогтардың біліктілігін арттыру саласындағы Қазақстан мен Литва арасындағы бұл ынтымақтастық шара оң сипатқа ие және жаңа кәсіби өсу мүмкіндігі, жаңа идеялар жаңғырығы екенін айта кеткен жөн.

Еркін ҚАЛДАН

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*