«Жоғалған» мектептер бойынша таратылған ақпарат жалған

612
0
Бөлісу:

Кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Ұлттық қор есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған 12 мектепті таппай жатқандары туралы пікір  жарияланған болатын.

Осыған байланысты Білім және ғылыми министрлігі  депутаттармен бірлесе «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан мектептер туралы қате ақпаратты кім таратқанын анықтауда.

Анығынан келер болсақ, 2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық қор есебінен құны 145 млрд теңгені құрайтын 156 мектеп пен 19 балабақшаның құрылысы қаржыландырылған болатын. 3 жылдың қорытындысы бойынша 108 мектеп пен 19 балабақша балаларға есіктерін айқара ашты. Осы орайда қалған 48 мектептің құрылысы 2018 жылға шегерілген айта кеткен жөн. Ал жаңа оқу жылында 25 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларын қабылдай бастады. Жыл  соңына дейін тағы да18 мектепті іске қосу жоспарланып отыр. 2019 жылы тағы 5 мектеп бой көтермек, Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында – 1 мектептен және Ақтөбе облысы – 2 мектеп.

Осыған байланысты аталған саланың баспасөз қызметі «министрлік  жергілікті атқарушы органдармен бірлесе мектептердің құрылыс барысы және қаржының игерілуі бойынша мониторинг жүргізіп, мәселені өз бақылауында ұстайтынын» мәлім етті.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі мектептердің құрылысы бойынша жоспар 85 пайызға орындалды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*